Мирас Асан. Көйлек ақ, мұң қоңырқай

Oinet.kz 15-08-2020 665

Көйлек ақ, мұң қоңырқай, дала сұрғылт,

Түн жанар тоқтатқан сәт қарасын кілт...

Терезе егілетін іштен тынған,

Төбесін айналсоқтап жанашыр бұлт...

image.png

Бала жел байлағандай атын өздік,

Кескендей сап тыйылып заты кездік...

Шілдеге сонда өкситін күй сағыныш,

Қараша ішіндегі қатыгез бұлт...

Ғашықтың хаты қалып үстелде аппақ...

Сұлудың көрпесіндей түскен баптап...

Аққудың көлі жалған - мың хат ағып,

Түткен жүн бұлтқа ұқсайтын ұшқан қаптап...

Қараша - бүгін ұшқан қар жапалақ,

Тамсайды аппақ құсты жан қаталап...

Ашық кілт көңіліме бұдан кейін,

Ғашық бұлт хат жазбастай ар боталап...

Мирас, 2017

Мирас Асан. Мен неге ұлы мейірімді сағынам?
Мирас Асан. Қараша мен кеп тұрмын - сізге бүгін
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу