Білім туралы шығарма, Білімді мыңды жығады

Oinet.kz 24-12-2019 123043

Білім - асыл қазына. Білім инемен құдық қазғандай. Адам өмірінің соңына дейін білім алады, ал кейде тіпті оның өзі аз болады. Адам қаншалықты білімді болса, соншалықты бай-қуатты болады. Адамның білімсіз өткен бір күні бос күні. Батыл бірді жықса, білімді мыңды жығады. Білім адам бойына біткен ең мықты қару. Адамзаттың жетер ең биік шыңы білімді толық меңгерген күні.

Podobny obraz

Білім сонау ғасырлардан адам баласына танылған. Күллі адамзат өмірін білімге арнайды. Себебі білім ұрпақтан ұрпаққа берілетін шежіре, тарих, өнеге, тәрбие!

Жас ұрпақтың білімге деген қызығушылығы қашан да жоғары. Адамдар бір орында тұрған жоқ, жылдан жылға түрлі технологиялар, жаңа білім бағдарламалары ойлап табылып, білім сапасы артады. Білімді ұрпақ сау келешектің кепілі. 

Білім үнемі кепілдегі байлық. Білімді адам - ең бай адам. Адам ешқашан толықтай білімге қанық бола алмайды. Байлық, мақсат, мансапқа жету жолында білімнің маңызы зор. 

ХХІ-ғасыр - ақпарат пен технологияның заманы. Ендігі адамдардың білім алу деңгейі мүлде жаңа деңгейге көтерілді, сапасы артты. Ізденген адамға білім ақпарат алу көздері жетерлік. Тіпті технологияның арқасында адам тілді ешқайда шықпай бір орында жатып-ақ үйрене береді. Мұның бәрі білімнің шексіз құдіреті.

Шығарма. 1 қыркүйек - білім күні
Жеті қазына туралы шығарма
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу