Тіл туралы шығарма. Ана тілім ардағым
Тілім - тірегім. Өз ана тіліміз болмағанда қайтер едік. Мен өз тілімді мақтан тұтамын. Ұлтын сүйетін әр қазақ өз тілінде сөйлей білуі қажет секілді. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деп босқа айтылмаса керек. Сондықтан да әр қазақ өз тілін міндетті түрде білуі қажет. Себебі өз тілімізде сөйлеу үшін ата-бабамыз жан таласты емес пе? Өз тіліміз бен жерімізді, қазақ атымызды сақтап қалу үшін жан таласқан жандардың еңбегі қашан да жоғары бағалануы қажет.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданған бьолатын. Дәл осы күннен бастап, еліміздегі бүкіл құжат пен мекемелер, көше, қалалар атаулары қазақшалана бастады. Тіл мәселесі ешқашан біткен емес, бүгінге дейін халық арасында алаңдатушылық тудырып, түрлі дебаттар ұйымдастырылып жүр. Әрине, мұндай тілімізді дәріптиейтін жиындар расымен де ауадай қажет деп есептеймін.
«Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Тілдің анамен теңестірілу себебеі де жоқ емес. Себебі ана құрсағынан шыққан баланы ең алдымен ана тіліне баулиды. Анасының балам деген сөзін естиді. Осы сәттен бастап бала өз ана тілімен тығыз қарым-қатынаста болады.
Тіпті мынадай бір қызықты факті бар екен. Адам мәселен амнезияға ұшыраса да, өзінің ана тілін ұмытпайды екен. Сенесіз бе, ол ана тілінде сөйлеуді ұмыта алмайды. Себебі тіл мидың ерекше бөлігінде орналасқан және де оның жадыдан өшіп кетуі мүмкін емес.