Тұрсын Жұртбай. Мұхтар Әуезов туралы

Oinet.kz 11-12-2019 2441

Мұхтар Әуезовтың аңшылығы туралы өтiрiк-шыны, әзiлi аралас талай-талай хикаялар айтылып жүр. Ұлы шығармасында да сүйсiнiп жазған тұсының бiрi осы саятшылық екенi анық байқалады. 

image.png

Ал мұндай әуесқойлық жас басынан болмаса, не өзi құс ұстап, аң қақпаса, шынайы шыға қоюы қиын. Сондықтан да аралас өскен жиенi Мәжиттiң дерегiне назар салмай өтуге болмайды:

"Мұхтарды жеңгелерi, апалары "Қара Шоңқа" деп атайтын. Мұның себебi өзi жуас, аңқау, балалардың iшiндегi "қара Жоңқа" сияқты көрiнгендiктен қойылған. Ол демалысқа келгенде ауылдың ұл, қыздарын жиып алып кешке жақын барлығымызға дене шынықтыру жасататын. Күрестiретiн. Қарғытып, басымызбен тұрғызып, кеудемiздi жерге тигiзетiн. Қыста оқыған сабағымызды сұрайды... Қыздар мен ұлдарды қатар тұрғызып Абайдың "Сегiз аяқ", "Қор болды, жаным", "Көзiмнiң қарасы" әндерiн хор етiп айтқызатын... Жасырақ кезiнде, 14-15 жастарында қолына ылғи тұрымтай ұстайтын. Оны үй iшiнде қолға үйретiп, жас етке қант сеуiп жегiзiп, дәндеген соң өзi төрде тұрып "кел-кел" деп шақыратын. Әбден жаттыққан соң далаға шығарып, iннiң қасына барып "шақ-шақ" деп дауыстайтын. Кейiн "шақ-шақ" дегенге тұрымтай торғайды бас салып ұстайтын болды. Сонда атын "Қырғын" деп қойып едi... Қыс күндерi балаларды жинап ап "Мыршыма-мыршым", "Белбеусоқ", "Қыстау", "Хан-Уәзiр", жазда – "Алтыбақан", "Серек-қудақ", "Ақ сүйек", "Айкөбелек" ойындарын ойнайтын. Бiздiң ауылдың қыздары Мұхтарды өлеңге қосып: "қара Жоңқа" қашан келер, бауырларын ойлаған" – деп әндетiп айтып жүретiн".

Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды

Қабдеш Жұмаділов: «Радио мен тележурналистер қате сөйлейді»
Күләш Байсейітованың өліміне кім кінәлі?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу