Абай Құнанбайұлы. Байлар жүр жиған малын қорғалатып

Oinet.kz 28-08-2019 1737

Байлар жүр жиған малын қорғалатып,

Өз жүзін, онан беріп, алар сатып,

Онан алып, тоқсаннан дәме қылып,

Бұл жұртты қойған жоқ па құдай атып?


Барып келсе Ертістің суын татып,

Беріп келсе бір арыз бұтып-шатып,

Елді алып, Еділді алып есіреді,

Ісіп-кеуіп, қабарып келе жатып.


Әрі-бері айналса аты арықтап,

Шығынға белшесінен әбден батып.

Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа

Құдай құмар қылыпты қалжыратып.


Қорғаласа, қорықты деп қоймаған соң,

Шаптырады қалаға бай да аңдытып.

Күшті жықпақ, бай жеңбек әуел бастан,

Қолға түсер сілесі әбден қатып.


Жаны аяулы жақсыға қосамын деп,

Әркім бір ит сақтап жүр ырылдатып.

Абай Құнанбайұлы. Абай өлеңдері/Базарға, қарап тұрсам, әркім барар
Абай Құнанбайұлы. Балалық өлді, білдің бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу