Шымкентте мал союға арналған 8 бекет жұмыс істейді
Ауруға қарсы мал шаруашылығымен айналысатын, ет және ет өнімдерін өңдейтін (етті тасымалдауға, сақтауға, сұрыптауға, қатысатын адамдар), мал соятын, тері-жүн өңдеумен айналысатындар, бактерияның тірі қоздырғыштарын зерттейтін зертханашылар вакцинациялауға жатады.
Сонымен қатар, үй жануарларына екпе алуы тиіс. Өйткені екпе дерттің алдын алудың ең тиімді жолы. Шымкентте биыл 767 адамға екпе салу жоспарланған, оның - 728-не екпе егілген (95,0 %). Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің, қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, мал өлген жағдайда тиісті құзырлы мекеменің мамандарына хабарлап, өртеп, жойған дұрыс. Сібір жарасымен ауырған мал жатқан немесе сойылған орынға басқа жануарларды жіберуге және адамдардың сол жерде жұмыс істеуіне тыйым салынады!
Осыған орай, қала аумағында кезінде сібір жарасымен ауырған малдар сойылып, қаны тамған жерден қоздырғыштың анықталуына байланысты 8 стационарлық қолайсыз бекеттер бетонмен қоршалып, белгіленген.
Шымкент қаласында жыл басынан бері 14 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы - 1 421 750 вакцинация, 29 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы - 240 105 диагностикалық зерттеулер жүргізу жоспарланған.
Оның ішінде, жыл басынан бері сібір жарасына қарсы - 131 847 басқа (68%), вакциналау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:
1. Үй жануарларын сібір жарасына қарсы егу жұмыстарын жүргізу;
2. Ет және ет өнімдерін тек сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;
3. Ет, ет өнімдерін өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті;
4. Жануарларды күту кезінде ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау;
5. Үй малын сою тек қана арнайы орында (мал сою бекеті) ветеринарлық қызмет мамандарының рұқсатымен жүргізу;
6. Ауруға шалдыққан үй жануарларын ветеринариялық дәрігердің бақылауына жүгініп, алдын-ала сақтық шараларын орындау;
7. Ауру малды өз бетінше сойып, оны тағамға тұтынуға тиым салынады;
8. Сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдарын СҚА (радиусы 1000 м) сақталуына, яғни тұрғын-үй, шаруа қожалықтар мен басқа да нысандардың құрылысына жол бермеу.
Бүгінде қала аумағында сібір жарасы ошақтары мен мал қорымдары жер асты су көздері мен су қорғау аймақтарынан алшақта орналасқан. Қазір қала аумағындағы эпизоотиялық ахуал тұрақты.