Есірткіге тәуелділіктің себебі -- тәрбиенің дұрыс берілмеуі

Oinet.kz 10-06-2024 785

10.jpg 

Елімізде соңғы жылдары синтетикалық есірткіні тұтыну деректері артқан.  3 жылда айналымнан алынған «синтетика» көлемі 10 есе өскен. Мұның себебін мамандар, синтетикалық препараттар жыл сайын арзанырақ және қолжетімді болуынан деп түсіндіреді.

26 маусым - Халықаралық есірткімен күрес күні.  Осыған орай Шымкенттегі Психикалық денсаулық орталығында ашық есік күні өтті. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік Коммуникациялыр қызметі хабарлады.  Жиынға колледж студенттері мен қала тұрғындары қатысты. Қызығушылық танытқандар арнайы мамандардың қабылдауында болып, кеңес алды.

Жалпы жыл сайын елімізде 200 мыңнан астам оқушылар мен студенттерді қамти отырып, 3,5 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Ағымдағы жылдың басынан бері елімізде 2 мыңнан астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Жыл сайын нашақорлықтың және есірткі бизнесінің алдын алу мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен де жұмыс жүргізілді. Сондай-ақ, медициналық мекемелердің бірігуімен аурулардың алдын алу мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар өткен.

--Есірткіге тәуелділіктің бірден-бір себебі отбасындағы тәрбиенің дұрыс берілмеуінен,--деді Психикалық денсаулық орталығының бас дәрігері Серік Мыңбаев жиында

Профилактикалық сипаттағы шаралар кешені маңызды бағыт болып саналады.

Бүкіл әлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес әрбір тұрғыны қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімін табады. Нашақорлық қасіреті туралы қаншама айтылып жүрсе де, азаймағаны рас. Сондықтан бұл дертпен жалғыз күреспей, бірлікте жұмыла күрессек, алынбас қамал жоқ, - деді бас дәрігер.

Жиында студенттер дәріс тыңдаудан бөлек, емделіп, тәуелділіктен айрылған азаматтармен де тілдесті. Олар өздерінің қате басқан қадамдарын айта келе, өмірден опық жегендерін, сондықтан, бұндай қадамға бару болашақтарына балта шапқандықпен бірдей екендіктерін жеткізді.

Айта кетері, биыл Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

--Есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын,--деген болатын.


Шымкент вокзалы сенімгерлік басқаруға берілді
Шымкент: Жұмыспен қамту—32,4 пайызға орындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу