Шымкентте әйгілі «Hilton» қонақ үйінің құрылысы басталды

Oinet.kz 13-06-2024 784

0fc96188f3ab1196067aae2cb425771e_1280x720.jpeg 

Шымкентте бес жұлдызды қонақ үйдің құрылысы басталды. Осыған орай Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков әйгілі «Hilton» халықаралық желісінің қонақ үйінің құрылысы аумағында капсула салу рәсіміне қатысты.

Жалпы миллионнн астам халқы бар Шымкентке келуші қонақтар мен туристердің саны айтарлықтай көбейіп келеді. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлікті, оның ішінде туристерге қызмет көрсететін нысандардың қатарын көбейтуде. Құрылысы басталған қонақ үй саяхатшылар мен қонақтар аялдайтын негізгі нысан ғана емес, Шымкенттің көркін ашатын ғимараттардың бірі болады деген сенім бар.

    Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент сити шағынауданында іргетасы қаланған бес жұлдызды қонақ үйді ашу 2026 жылға жоспарлануда. Мегаполис басшысы қонақ үй кешенінің жобасымен танысып, оның құрылысын бастауды тапсырды.

Жалпы жаңа заманауи қонақ үйлердің пайда болуы қалаларды тартымды етіп, туризмнің дамуына айрықша серпін береді. Сонымен бірге әкімнің пікірінше «Мұндай нысандар туристік әлеуетті дамытуда ғана емес, қаланың инвестициялық тартымдылығын арттыруда да маңызды. «Hilton» - әлемге әйгілі бренд. Болашақта қонақ үй қаламызды толықтырып, туристер мен барлық қонақтар үшін тартымды етеді».

Құрылыс жобасына сәйкес қонақ үйде 167 бөлме, ballroom, мейрамханалар, фитнес-орталық және бірнеше конференц-зал бар. Ал ауқымды құрылыстың арқасында 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Сонымен қатар, қала әкімі ұлттық стильде салынған «Qazaq Hotel» қонақ үйіне барды. Жобаны іске асыру нәтижесінде 30 жұмыс орны құрылды. Жаңа қонақ үйде 64 заманауи және жайлы бөлмелер бар. Қонақтардың жайлылығы үшін қосымша қызметтер – мейрамхана, SPA-салон, конференц-зал және автотұрақ қарастырылған.

 


Шымкент: Тұрғындардың талап-тілектері жіті бақылауда
Шымкенттік құтқарушылар марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу