Әрбір азамат өз елінің патриоты болуы тиіс

Oinet.kz 05-06-2024 851

18.jpg 

Шымкентте ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты митинг өтті. Бұл туралы  ІІМ Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

32 жыл бұрын - 1992 жылғы 4 маусымда тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа рәміздердің туған күні ретінде мәңгі қалды. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

Дәстүрлі түрде іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалуынан басталды. Осыдан кейін бригада командирінің орынбасары подполковник Сағдат Қапашев жеке құрамға құттықтау сөз сөйледі:

- «Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты-қазақстандық патриотизм идеясын түсіндіру, Қазақстанның жетістіктері үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, жас ұрпақты Тәуелсіздік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Әрбір шынайы азамат өз елінің патриоты болуға, өз Отанын, өз халқын сүюге және мақтан тұтуға тиіс. Бұл үлкен күш. Егер әрқайсымыз өз еліміздің патриоты болып, Отанға шын жүректен берілсек, мемлекетіміз гүлдеп, берік болады», - деп атап өтті Сағдат Жанатұлы.

Сондай-ақ әскери қызметшілерді мемлекеттік рәміздер күнімен әскери бөлімнің ардагерлері Владимир Самарский мен Сұлтан Нұрымбетов құттықтады.

Іс-шара жеке құрамның салтанатты шерумен өтуімен аяқталды.

Сондай-ақ, Шымкенттегі  «Тәуелсіздік» саябағында Мемлекеттік рәміздер күніне орай Ту көтеру рәсімі мен салтанатты іс-шара өтті. Бұл туралы «Шымкент келбеті» басылымы хабарлады. Шара барысында  мемлекеттік рәміздеріміз ұлықталып, жастар мерекелік шеру ұйымдастырды. Жиынға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, қала тұрғындары мен жастар қатысты.

Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды.

Рәміздер алаңынан басталған патриоттық жиын одан әрі жастар шеруіне ұласты. Шеруге 600-ге жуық жас, қаладағы 8 жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері қатысты. Олар Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би көшелері бағыты бойынша сап түзеп, рәміздерді насихаттады. Ту ұстаушы жастардың арасында қазақ күресінен әлем чемпионы Марат Байқамұров та болды.

Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдігімізді танытуда бұл күннің маңызы зор.


Шымкент. Жас ғалымдарды қолдау мәселесі талқыланды
Шымкент: Тұрғындардың талап-тілектері жіті бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу