«Таза Қазақстан»: Тұрғындар белсенділік танытты
Президенттің тапсырымасы бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы Цементшілер шағын ауданында да жалғасын тапты. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жалпы Цементшілер ауданы қаланың Оңтүстік аумағындағы өндірістік аумаққа жақын орналасқан.
Қаладағы түрлі құрылысқа қажетті материалдар осы аумақтан шығарылады.
Тұрғындардың ауызбіршілігі мен тазалыққа жанының құмарлығынан бұл ауданда мұндай тазалық жұмыстары жиі ұйымдастырылып тұрады екен.
Бүгін де тұрғындар өз аулаларында тазалық жұмыстарына бір кісідей жұмыла кірісті. Ауладағы шөптер шабылып, ағаштардың түбі қопсытылды.
Орындықтар сырланып, балалардың ойын алаңшалары тазаланды. Ал аудандық коммуналдық қызмет өкілдері ағаштарды бұтау, жиналған күл-қоқыстарды арнайы техникаларға тиеу жұмыстарын жүргізді.
Цементшілер шағын ауданының тұрғын үй төрайымы бүгінгі тазалық жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіріп, ауланың таза болуы өзімізге байланысты. Біз әрқайсымыз тазалық мәдениетін алдымен өзімізден бастауымыз керек, сонда біздің жастарымыз да тазалықты сақтайтын болады дейді.
Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. 27 мамыр күні «Нұрсәт» шағынауданындағы «Астана» аллеясында 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.
Акция барысында аллея аумағын қоқыстан тазарту, ағаштарды әктеу, көгалдарды қырқу, орындықтарды сырлау және т.б жұмыстар жасалды.
Акцияға жергілікті тұрғындардың қатысуымен қатар 10 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жалпы 50 тонна қоқыс шығарылды, шамамен 500 килограмм бояу пайдаланылды, 3000 метрге жуық қоршаулар боялып, ақталды.
Қоршаған ортаны тазартуға және көгалдандыруға ынталы қатысқан жергілікті балалар мен жасөспірімдердің қатысуы ерекше маңызды болды. Олар үшін бұл олардың тазалық шарасына көмектесудің жолы ғана емес, достарымен және отбасымен ашық ауада уақыт өткізу мүмкіндігі болды.
Еске сала кетейік, көгалдандыру бойынша санитарлық жұмыстар Қаратау ауданының барлық елді мекендерінде көктемнің бірінші күнінен бастап жүргізіледі.