«Тазалық - денсаулық кепілі»

Oinet.kz 27-05-2024 1135

Screenshot_1.png 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өтіп жатқан  «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шымкенттегі Темірлан тас жолында орналасқан скверде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар орталығы хабарлады.

 Тазалық іс-шарасына жалпы 100-ден астам аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері, белсенді жастар, еріктілер қатысты. «Тазалық - денсаулық кепілі» деген ұстаныммен өткен іс-шарада ағаш кесу, әктеу, шөп ору, суғару, қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

«Мемлекет басшысы тапсырмасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартып, белсенді қатысуда», - дейді Қызылжар шағынауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Бастархан Байжанов.

Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бей-жай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге лақтырмай, таза ұстауға ат салысуы қажет.

Тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізді. Жайлау шағынауданында орналасқан скверде қоқыстарды шығару, ағаштарды әктеу, шөп ору секілді бірқатар жұмыстар атқарылды.

«Тілсіз таза табиғатты таза ұстау, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау ол сізбен біздің басты міндетіміз. Осы ретте, барша тұрғындардан еңбекті бағалауды, көлікте, көшеде жүргенде бей-берекет қоқыс тастамауды сұраймыз», - деді Шымкент қаласының әйелдер істері жөніндегі гендірлік комиссияның мүшесі, қоғам белсендісі Таджибаева Орынша.

Жалпы сенбілікке – 50-ден аса адам қатысты. Нәтижесінде барлық жиналған қоқыс шығарылып, 3 техника жұмылдырылды.

Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.

Әл-Фараби ауданына қарасты Ә.Жангелдин көшесі бойындағы №28, 30, 32 көп қабатты тұрғын үй тұрғындары да Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізіліп жатқан тазалық жұмыстарына қатысты.

Тұрғындар «Тазалық – денсаулық кепілі» деген ұранды ұстанып, өз аулаларындағы ағаштардың түптерін әктеу, артық өскен бұталарды қырқу, шөптерді ору, ирригациялық арықтарды күл-қоқыстан тазалау және ойын алаңшалары мен орындықтарды сырлау жұмыстарын жүргізді.

Тазалық жұмыстарына тұрғындармен бірге ауданның ардагерлері, белсенді жастармен қатар коммуналдық қызметкерлер барлығы 200-ден астам адам қатысты.

Іс-шараға қатысқан аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Исамудин Наштайұлы Президентіміздің «Таза Қазақстан» акциясының науқандық іс-шара еместігін, бұған әрбір қала тұрғыны бей-жай қарамай тазалық мәдениетінің өзімізден бастау қажет екенін айтты. Сондай-ақ тұрғындарды өз аулаларын таза ұстауға, жастардың тазалық мәдениетін сақтауға баса назар аудару қажет екенін жеткізді.


«Үздік тәжіриеблік орталықтар» нәтижесін көрсетті
«Таза Қазақстан»: Тұрғындар белсенділік танытты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу