«Таза Қазақстан»: Акция аясында жеміс ағаштары отырғызылды

Oinet.kz 16-04-2024 883

13.jpg 

Үшінші мегаполисте республикалық тазалық акциясы аясында қала көшелеріне ағаш отырғызылды. Тал егу шараларына қала жастары, еріктілер, мектеп оқушылары мен ұстаздар да белсенді қатысып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияның алғашқы онкүндігінде «New weve» экологияны қорғаушы еріктілер компаниясы марафон ұйымдастырды. Шара барысында волонтерлар қалалық №46 мектеп-лицейінің айналасына жеміс ағаштарын отырғызды. Жалпы 20 түп алма, 20 түп шие мен 10 түп алмұрт көшеті егілді.

Акция аясында тарихи-мәдени орындардың тазалығы да назардан тыс қалмады. Қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, іргелес елді мекен тұрғындары медениет кешендерін көгалдандырып, аумағын толық қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш көшеттерінің түбін қопсыту, әктеу, орындықтар мен қоқыс жәшіктерін және шамдарды тазалау жұмыстары жүргізілді.

Айта кетері, Мемлекет басшысы cу тасқынына ұшырамаған облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру науқанын бастауды тапсырды. Сонымен қатар жолдарды ретке келтіру міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жұмыстарға тұрғындар мен еріктілерді тұрақты түрде тарту маңызды екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болмақ.

Жалпы, өңірлердің басшылары қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізуі керек.

 Президент тапсырмасымен қолған алынған республикалық «Таза Қазақстан» акциясы 5 аптаға жалғасады. Шымкенттіктер шара соңына дейін тазалық жұмыстарына белсенді қатысып, қаланың көркеюіне үлесімізді қосамыз деп отыр.


Шымкентте жамбы атудан Азия чемпионаты басталды
Қонақ үй бизнесінің мамандары тәжірибе бөлісті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу