Шымкент: Биыл мембағдарлама аясында қанша пәтер беріледі?

Oinet.kz 11-04-2024 669

29.jpeg        

2024 жылы  Шымкент қаласы бойынша  мемлекеттік бағдарлама аясында 364 пәтер құрылысы жүргізілуде. Аталған көрсеткішті нарықтан сатып алу арқылы 1000 пәтерге жеткізу жоспарлануда. Тұрғын үйлердің   құрылыс жұмыстарының аяқталуы және пәтерлердің коммуналдық  тұрғын үй қорына өткізілуіне қарай кезектегі азаматтарға, соның ішінде тұрғын үй кезегі келген 449 пәтер халықтың әлеуметтік осал тобына, 351 пәтер көпбалалы отбасыларға, 200 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілетін болады.

         Бұдан бөлек жыл соңына дейін жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз 900 жалдамалы пәтер берілмек. 2274 пәтер кезекте тұрған азаматтарға арналған жеңілдетілген
2-10-20, 5-10-20 бағдарламалары бойынша беру жоспарлануда.

         Биылғы жылға Қамқор өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд. теңге және «Отбасы банк» АҚ-нан 3 млрд. теңге жалпы 8 млрд теңге бөлініп, ағымдағы жылы 400-ден кем емес отбасыны несиелендіру көзделуде. Несиенің ең жоғары мөлшерлемесі 20 млн. теңгеге дейін, пайыздық мөлшерлеме – 6%, бастапқы жарна 10%-дан кем емес, несиенің максималды мерзімі 25 жылға дейін.

         Тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана алу мүмкіндігі қаралған. 2024 жылға 200 млн. теңгеге қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарланған. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарынан бастап құжат қабылдау басталып, бүгінгі таңға 215 азаматқа 197,7 млн. теңгеге тұрғын үй сертификаттары берілді. Оның ішінде: 1 және 2 топ мүгедектігі бар азаматтар – 75; толық емес отбасылар – 16; мүгедектігі бар баланы асыраушы отбасылар – 48; бюджеттік мекеме қызметкерлері – 39; көпбалалы отбасылар – 31; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 6.

         Айта кету керек, 2023 жылы қайтарымсыз негізде жалпы сомасы 129,7 млн. тг. тұрғын үй сертифаттары төлем қабілеттілігін растаған 148 азаматқа берілді. 

         Шымкент қаласы бойынша 2024 жылы 2430 отбасының тұрғын үйдің жалдау ақысының 50 пайызы мемлекет тарапынан төленіп, субсидиялануда. Тұрғын үй жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасына тұрғын үй кезегінде тұрған І және ІІ топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды асыраушы отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көпбалалы отбасылар санатындағы азаматтар қатыса алады.

         Төлем тәртібі бойынша ай сайын мониторинг жүргізіліп, субсидия алушылардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексеріледі. 2023 жылы тексеру жұмыстарының нәтижесінде 500-ге жуық азаматтың тұрғын үйді жалдау ақысын субсидиясы тоқтатылды.


Шымкент: Тұрғын үйге қатысты қызметтер автоматтандырылды
Скринингтік тексеруден өту маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу