Ана туралы балаларға арналған тақпақтар

Oinet.kz 02-08-2019 53174

Менің анам ардақты, 

Алтыннан да салмақты 

Жақсы көріп баласын, 

Мәпелейді анашым 


Жақсылыққа шақырып, 

Жамандықтан тыяды. 

Мейіріммен тәрбиелеп 

Иман нұрын құяды.

...

Ана, сен бақыттысың! 

Гүлің болып өсіп келем. 

Жайнап жүрші, 

Күліп жүрші, 

Алладан мен тілеп жүрем.

...

Анашым! 

Жаратылдың бағыма шын 

Білемін көңілсізсің, сағынасың. 

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар. 

Қапа болма мен үшін, неғыласың.. 

...

Анамыздың мерекесі 

Келіп қалды жақындап 

Көңілін қалай тапсам деп 

Ойлап жүрім күн-түні.

...

Ананы мен жақсы көремін,

Ана шаттық, бақыт береді. 

Анаменен барлық адам, 

Бақытты болып жүреді.

...

Еркелеймін, шаттанам,

Жарқын күлкің - бақ маған.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!

...

 Бал бөбегін баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Ақ бетіңнен сүйейін,

Келші, келші, келші, келші, ақ мамам. 

...

Гүлдей болсын өміріңіз,

Нұрға толсын көңіліңіз.

Биік боп жұлдызыңыз

Көктемдей құлпырыңыз.

Бақыт қонсын басыңызға

Қолдап жүрсін Тәңіріңіз!

...

Аналар, қыздар жасай берсін!

Ана десе ақтарылған ағынан 

Анашымды күніне мың сағынам.

Тірлік үшін әулиеге табынатын

Аналардың ақ сүтіне табынам.

...

О, періште Анам!

 

Келді көктем күннің,

Күлімдейді гүлің –

Алтын ойлы Анам,

Мерекеңіз бүгін!

 

Жұмақ-құшақ панам,

Күндей нұрлы санаң!

Қызығын көр ұл-қыз,

Еңбек сүйгіш Анам!

 

Жыртылмастан жағаң,

Щарықтасын жаңа ән!

Арманыңа жетші,

О, періште Анам!

*************

Кетті қысқы ызғар,

Еріп жатыр мұздар.

Мерекеңіз бүгін,

Қызғалдақтай қыздар!

 

Болса өзге жүрек,

Адамға адам – тірек.

Сіздерге айтар мынау,

Мерекелік тілек:

 

Қарау жүрсін қашық,

Алшы түссін асық.

Берекесін берсін,

Сіздер еткен кәсіп!

 

Әр таңдарың атқан,

Бақыт берсін батпан.

Құрастырсын құдай,

Табысыңды тапқан!

...

Бесік жырың ғұмырымды күй қылған,

Есіл нұрың ойыма ақыл құйдырған.

Асыл ана, құтты болсын мерекең,

Құшағына күллі әлемді сыйдырған.

...

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді.

Сенің жаның жүрегімде ораулы,

Менің жаным жаулығыңа түюлі.

...

Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз

...

Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті біздің Аналар

...

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы таппағым

Өзің жайлы әнім де,

 Арнадым саған бәрін де

...

Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен-кіші демейді,

Сыйлайды оны бәр адам.

Ана туралы тақпақтар, өлең шумақтар топтамасы
Мектеп жайлы өлеңдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу