МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Цифрлық дәуірде инфрақұрылымды тиімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласында 2023 жылы 1500 дана бейнекамералар орнату көзделген. Сондықтан ҚР Президенті Қ.Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы аясында биылғы жоспар бойынша арнайы қаражат бөлініп, мемлекеттік тапсырыс арқылы жеңімпаздар анықталуда.
Сондай-ақ, бұған дейін «Қауіпсіз қала» жобасы бойынша орнатылған бейнекамералардың арқасында мегаполисте қылмыс деңгейі әлдеқайда төмендеген. Бейнекамераларға байланысты Шаһар басшысы қаладағы тәртіптің тұрақты болуына аса мән беру керектігін қадап айтқан болатын.
«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» Ұлттық жобасы деректерді өңдеуге, әртүрлі ситуацияда тиімді жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз етуден басқа, бұл жоба мегапоистің тыныс-тіршілігіне талдау жүргізуді оңайлатып автоматтандырады. Сондай-ақ жо¬баны іске асыру қала тұрғындары¬ның өмір сүру сапасын арттырады, тәулік бойы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
Айта кетейік, биылғы орнатылатын бір жарым мың камераның 500-і жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, 2024 жылға 2000 дана бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.
Шымкент қалалық ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығында қоғамдық орындар мен халық көп жиналатын көшелерге орнатылған бейнекамералар қызмет атқарады. Камера орнатылған жерде оқыс оқиға бола қалса, полиция бекетіндегі инспекторлар сол маңдағы сыртқы бейне-бақылау камераларын айналдырып, мән-жайды бақылай алады. Қылмыс немесе әкімшілік құқық бұзушылық орын алса тез арада жедел басқару орталығының қызметкерлері қылмысқа күдікті немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны, автокөлікті анықтап, оны ұстау үшін жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің автокөліктегі экипаж құрамын жолдайды. Бұдан кейін ұсталған азамат аудан бойынша полиция бөліміне жеткізіліп, тексеру әрекеттері жүргізіледі.