МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымкент қаласы аумағындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, конго қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, адамды, жануарларды, үй-жайларды және өзге де аумақтарды жәндіктер мен басқа да буынаяқтылардан қорғау және жою бойынша бірқатар іс-шаралар тізбегі жоспарланған.
Атап айтқанда, кеміргіштерге қарсы жылдың көктем және күз мезгілдерінде дератизациялық іс-шаралар жүргізілетін болады. Зиянкес масаларға қарсы қала аумағындағы 37 өзен-каналдар, 11 саябақтар, 38 гүлзарлар мен аллеяларды дезинсекциялау және кенеге қарсы энзоотиялық залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Кеміргіштерге қарсы 1 609 740 ш.м – өзен жағалаулар, суару каналдары және 16 752 ш.м – қоқыс тастайтын контейнерлер мен жәшіктердің аумақтары залалсыздандырылса, масаларға қарсы 1 355 200 ш.м өзен-каналдар, 2 481 650 ш.м саябақтар, 855 064 ш.м гүлзарлар мен аллеялар аумақтары дезинсекцияланады.
Сонымен қатар, конго қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу, көктем және күз мезгілдеріндегі кенелерге қарсы энзоотиялық іс-шаралар бойынша, 1 950 000 ш.м - қора-жайлар мен жапсарлас аумақтар, 2 046 714 ш.м саябақтар мен гүлзарлар, 375 750 ш.м – ауыл шаруашылығы жануарлары шоғырланатын орындар, суаттар, жайылымдар мен мал иірімдері және қолайсыз аймақтар залалсызданрылды.
Ал, 95 299 бас ірі қара малдарды бүрку және 88 030 бас уақ малдарды тоғыту жоспарланып отыр.
энзоотиялық аурулардың (кенеге қарсы) алдын алу жұмыстары күзде де жүргізіледі. Аталған жұмыстарға бригадалардан құралған дезинфектор мамандар жұмылдырылады. Олар бүркуіш ранц аппараттарымен жабдықталған. Ірі қара малға сұйық дәрілер бүркіліп, қора-жайлар мен оларға жапсарлас аумақтар залалсыздандырылады.