Оқи алмайтын танымал тұлғаларды білесіз бе?
Көрнекі сурет.
Дислексия – өмірдің хат жазу, кітап оқу, қатесіз жазу, математика, сабақтағы жалпы үлгерім сынды аспектілеріне кері әсер ететін неврологиялық ауытқу. Әдетте дислексияға шалдыққан баланы жалқау, сабақтағы үлгерімі нашар баламен шатастырады. Бірақ аталған ауруға шалдыққан балалардың IQ көрсеткіші орташа есептен жоғары болғандықтан, оны үлгерімі нашар балалармен шатастыруға болмайды. Қарапайым тілмен айтқанда, дислексия мидағы дислекстердің бұзылып, сөзді анализдейтін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі. Танымал адамдардың басым бөлігі бала кезінде дислексиядан жапа шеккен. Назарларыңызға дислексиямен ауырған атақты адамдар тізімін ұсынамыз.
Суретте Томас Эдисон.
Ол бала мектепте білім алуға қабілетсіз болатын. Ескертпе айтқан ұстазына бүлдіршіннің анасы « Менің баламның ақылынан сіздің ақылыңыз кем!» деп, қолдау білдірді. Есту қабілетімен мәселесі бар бала сыртқы ортаның қамқорлығын қажет ететін синдромнан зардап шегетін. Ол ауруынан дәрі арқылы емес, ананың перзентіне деген махаббатының арқасында айығады.Өсе келе өнертапқышқа айналған тұлғаның есімі – Томас Эдисон болатын.
Ханс Кристиан Андерсен.
Бала кезінде жазып-оқуға қабілетсіз әрі оқу бағдарламасын меңгере алмайтын. Қолтаңбасы оқуға жарамсыз айқыш-ұйқыш еді. Бірақ осы «сауатсыз» бала әлемге танылған ертегіші атанды. Оның қиял әлеміне әрбір бала мультхикаялар арқылы серуендеді. Қайталанбайтын желілер асқақ ойдың жемісі болатын. Ханс Кристиан Андерсен балалар әдебиетінде оқырманы көп жазушыға айналса да, түсініксіз қолтаңбасынан айыға алмады.
Том Круз.
Сенің танымал досың болғанын қалайсың ба? Келесі кейіпкеріміз 14 жылда 15 мектеп ауыстырған. Сол себепті сыр бөлісер досы болмаған. Қоғамдық назардың тапшылығы (дислекция) оны тіпті оқу мүмкіндігінен айырды. Оның жан дүниесі киноға түсу арқылы емделді. Осылайша, ұяң бала Том Круз голливудтың атақты актеріне айналды. Қазір онымен көптеген адамдар достасқысы келеді.
Агата Кристи.
Мектепте сабақ үлгерімі төмен болған сныптасың кітап шығарса және ол кітап әлемде 4 миллиард тиражбен таралса қандай әсерде болар едің? Әлемге әйгілі детектив жанрындағы жазушысы Агата Кристи де мектепте үлгерімі төмен оқушылар тізімінде болған . Мәтінде пунктуациялық қатені көп жіберетін Агатаның балалық шағы ауыр өтті. Бірақ оның дислексия ауруы жазу шеберлігіне кері әсер еткен жоқ.