Ашық сабақ. Дене шынықтыру.

Oinet.kz 26-01-2020 675

«Арқалық қаласы әкімдігі білім
бөлімінің Ы.Алтынсарин атындағы
жалпы орта білім беретін гимназия»
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Нұрсали Долқын

Мектеп дене тәрбиесі қайткенде өмірлік дене тәрбие
үшін негіз қалайды

Мектеп дене тәрбиесі өмірлік дене тәрбиенің негізін қалау үшін денсаулық негізін жақсы қалау . Жастық шақпен өрендік шақ, денсаулыққа ойдағыдай негіз қалаудың табылмайтын шағы. Дененің өзіндік дамуына алып қарағанда осы кез ерекше маңізді мәнге ие. Осы кезде шынығуда қол жеткізуге тиістіге қол жеткізе алмасақ, ержеткен соң орайы өткенде қайта шыныққанымызбен өнімі болған күндеде негізі ойдағыдай қаланбағандықтан, қашанда еңбекке өнбек сай келмей шығады. Біз болашақты көзде ұстап, қазырден бастап дене шынықтырумыз керек.
Дене тәрбие жөніндегі білім, техника, денені ғылыми жолмен шынықтырудың тәсілі және әдісі. Дене және психикалық жақтағы ақаусыздықты бекемдеп дене қуатты арттыру өнімділікке ие етіп қалмастан, оның ұстіне ұзақ уақыттық ықпалға ие. Алайда түрліше жас шамасындағы дене психикалық жақтағы жетілудің парықтарына байланысты, дене шынықтыру ынсанасы, мазмұны және әдісіде сәйкесті түрде ұқсамаса, түрліше болады. Бұл өзіне-өзі үйрету, өзін- өзі шынықтыру, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіру, үздіксіз өзгеріп отырған жағдайға үйлесіп және сәйкесіп отырып, дене шынықтыруда алдын -ала межелеген өнімге қол жеткізуге болады.
Қызықтыру, әуестендіру дене шынықтыру әдетіне дағдыландыру. Қызығу белгілі қимыл жөнінде белсенді эмоцияда болатын психикалық сыңай. Әуестену қызығумен өзара байланысты әрекеттің белсенді бейнесі. Белгілі қимылға қызықпаса сол қимылға әуестене қоймайды. Дағдылану қайта-қайта жаттығу арқылы бірте-бірте қалыптасады, дағдылана салысымен –ақ ерікті, құлшынуды және бақылауды қажет етпейтін қалыптанған әрекет үлгісі болады. Қызығумен әуестену-дене тәрбие қимылына белсене қатысудың қозғаушы күші. Орталау мектептен төменгі оқушылар екінің бірінде психикалық талабын қанағаттандыруды басты нысана етіп, тіке қызығуды талап етеді. Орта мектеп оқушыларының дене тәрбиелік шынығу мақсаты төтенше айқын болатындықтан, жанамалай қызығу біртіндеп басты нысанаға айналады. Яғни дене тәрбие қимылы нәтижесіне қызығу туылады. Мысалы, төзімділікпен ұзақ жүгіруге қатынасудың жүрек қантамыр жүйесінің қызметін жақсартатындығын танып жетеді, жүгіру мақсаты әрі шаршағандай сезінгенімен, бірақ алысқа жүгіруге қатынасқанда шыдай түседі. Орта мектеп сатысында танымды өсіру негізінде , жанамалай қызығу мен әуестікті қүлшіна жетілдіру әрі дене шынықтыру әдетіне біртіндеп дағдылану қажет.
Өзіндік дене тәрбие санасын жетілдіру «өзіндік дене тәрбие санасы » санадан, өзіндік санадан туындаған. Өмірлік дене тәрбиені түсінудің кілті- дене тәрбие санасын жетілдіру. Сана адам миының обиектив материалық дүниені бейнелеу, түйсік, ой, сияқты түрлі психикалық барыстың жиынтығы. Осыған байланысты дене тәрбие санасы- адам миының дене тәрбие сынды обьектив затты бейнелеуді, дене тәрбие жөніндегі түйсік, ой сияқты алуан түрлі психикалық барысы. Бұл арада сөз етіп отырғанымыз «өзіндік дене тәрбие санасы» атап айтқанда ,дене тәрбиеге қалай қараудағы идеиамыз, түйсігіміз, әрекетіміз, даралығымыз, сондай-ақ дене тәрбиеге қатысты қоғамдық барыс-келыс және селбестік жақтарындағы танып білу, түйсік, баға және тепе-тең меңгеру сияқты психикалық барыс. «өзіндік дене тәрбие санасы » өмірлік дене тәрбиенің өзегі. Өзіндік дене тәрбие санасын орнатқандағана өмірлік дене тәрбие ынсанасын іске асырыуға және белсенды, саналы түрде дене тәрбиелік шынығуға қатнасуға болады.
Дұрыс өзіндік дене тәрбие санасын қайткенде орнатуға болады?
1.Дене тәрбие жөніндегі әлде қайда жетілдірген қызығу және әуестену негізінде, дене тәрбиеге болған ақылдық танымды өсіру қажет. Орта мектеп оқушылары дене тәрбиеге сыңар жақтылықпен тіке қызығудың соңына түспестен, қайта дене тәрбиенің мақсаты, маңызы, ролі, қызметы сияқтыларды жан-жақтылы түсінуі, дене тәрбиелік шынығуға белсенділікпен, саналылықпен, ырықтылықпен қатынаса түсінуі қажет. Ырықсыздықты ырықтылыққа айналдырып, өздерін дене тәрбие сабағын үйренудің және түрлі дене тәрбиелік қимылдарының субьектіне айналдыруы керек.
2.Өзін- өзі түсіне біліп, дене және психикалық жақтан дамудың нақтылы жағдайы мен дене сапасының, спорт қабілетінің дене қуатының деңгейін танып жету, әсресе өзін құрбыластарымен өзара салыстырудың ерекшелігін түсініп, өзінің топтық тұлғадағы деңгейімен өрісіне талдау жасауға, тұжырымдауға шебер болып, өзінің іс-жүзіндегі шығар түйіне етіп, басқалардың артықшылығы арқылы өзінің жетерсіздігін толықтап, бағыттамалы түрде үйрену және дене шынықтыру керек.
3.Өзіндік дене тәрбие санасы практикадан қайта-қайта өткізу барысында қалыптасады. Амлияттан үздіксіз қайталай өткізу барысында, дене тәрбие жөніндегі сезімдік түсініктер тереңдеп, дене тәрбиелек өресі үздіксіз жоғарлайдыда, дене тәрбиелік шынығу саналыда ырықты қимылға аиналады.
Өмірлік дене тәрбие адам өмірінің түрлі қажеті үшін үздіксіз өрістетілетін алуан түрлі формадағы дене тәрбиенің жиынтығы. Ол әр қайсы жас кезеңін, түрлі тәсілдегі дене тәрбиені қамтиды. Мектеп дене тәрбиесі өмірлік дене тәрбие жүйесінде жалғастыру ролін атқаратын, өмірлік дене тәрбиенінң маңізді бір буыны, адамдардың өмірлік дене тәрбие үшін негіз қалауындағы маңызды кезең. Мектеп дене тәрбиесі өмірлік дене тәрбиеге негіз қалайды. Ол бастысы; денсаулыққа ойдағыдай негіз қалауды, дене тәрбиелік білімді, техниканы игеріп өзіне-өзі үйрету, өзін- өзі шынықтыру, өзін-өзі бағалау қабылетын жетілдіру, қызықтырып, әуестендіріп, дене шынықтыруды әдетіне дағдыландыру, өзіндік дене тәрбие санасын жетілдіру.


Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Допты алып жүру жаттығулары
Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Баскетбол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу