Жүсіпбек Аймауытов. Қартқожаның туған жері

Oinet.kz 24-09-2020 3264

Ж?сіпбек Аймауытов. “?арт?ожаны? ту?ан жері” ??гімесі - литература,  планирование

Қас қарайды. Қой өрістен келді. Арбаны төңіректеп, сүйкеніп сиырлар тұр. Үй басы есік алдына от жағып, кешкі сиырдың сүтін пісіріп жатыр. Қартқожа үйге сүйеніп, ашамайды шынтақтап, ауылға қарап отыр. Оған ауыл біртүрлі жылы, біртүрлі қызықты, ет бауыр жақын болып көрінді. Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі де тәтті. Күлімсі шуаш иісі шыққан қойлар да бірге туғандай. Түтіннің иісі де күндегіден жағымды тәрізді.

  Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе – зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес… Туғалы ұзап шықпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін?! Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді…

Роза Әбдiқадырова. Кешірім
Василий Сухомлинский. Шымшық пен көртышқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу