Аңшылыққа қатысты тыйымдар

Oinet.kz 05-10-2020 1049

– Аңға шыққан аңшыға “Қанжығаң майлансын” деген тілек айтылады.
– Аңдағы бірінші олжа ешкімге сыйланбайды, бірінші олжа қоян, ал кейінгісі қасқыр немесе түлкі болса да солай етіледі.
– Атып алған құланның немесе жабайы ешкінің басын немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
– Дос-жаран, құда-жегжат және туған-туыстан ит алмайды. Араларында түсінбеушілік болып, суысып кетеді.
– Ит – жеті қазынаның бірі. Соңдықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық үйіріледі.
– Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
– Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімде ғана аулау керек.
– Балықтьң құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.

Жол жүруге қатысты тыйымдар
Шілде қаққан дегеніміз не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу