Есту қабілеті төмен балалардың ерекшеліктері
«Жарқын» бөбекжай-балабақшасының
педагог – психологы
Амангелдіқызы Лаура
Кәне, ойланайық, мүмкіндігі шектеулі балалар кімдер? Дефект деген не? Дефектініңқандайтүрлеріболады? ҚР қайЗаңындабұғаннақтыанықтамабереді?
Мүмкіндігішектеулібалалар – көру, есту, сөйлеу, тірек-қимылаппаратыныңауытқушылығы бар балалар, интеллект бұзылған, психикалықдамуытежелген, эмоционалды-ерікжүйесібұзылғанаутизмменауыратынбалалар.
Жалпыпсихологияданжоғарыпсихикалықфункциялар мен негізгіпсихикалықпроцестердіестеріңетүсіріңдер.
Естуі нашар (саңырау) балалардың ерекшеліктері
Саңырау болғанда дыбыстық аппараттың дауыс қабылдау бөлігінің қызметі бұзылады, аудиометр тонының қабылдауы негізінен 125 – 4000 Гц, орташа жағдайда тілдік жиілік 80 – 85 дБ төмен емес. Мұндай есту жағдайында бала арнайы аппаратсыз дыбысты қабылдауға мүмкіндігі болмайды.
Есту қабілетінің болмауы немесе әлсіз дамуы баланы ақпарат алу мүмкіндігінен айырады, әсіресе ол ерте жастан есту қабілетінен айрылса оның психикалық және тілдік дамуының тежелуіне әкеліп соғады. Психофизикалық дамуындағы ауытқушылық деңгейі түрлі себептерге, естудің бұзылуының ауырлығы мен пайда болу уақытына байланысты. Есту қабілеті ерте басталып, ауыр күйде болса, баланың психикалық және тілдік дамуының тежелуі тереңірек. Тілдік дамымаушылық естуі нашар балалардың барлық психикалық процестердің дамуына кері әсер етеді, олардың танымдық қызметінде өзгеше болады. Қазіргі уақытта сурдопедагогикада арнайы түзету-педагогикалық жолдары қарастырылған, яғни естімейтін адамдарға еститін адамдармен бірдей білім алуға мүмкіндік береді.
Еститіндер әлемінде тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, тілді қатынас құралы ретінде меңгеру естімейтіндерге өмірдегі әлеуметтік мәселелерді шешуде зор мүмкіндіктер береді. Оқу-танымдық қызметтің тұрақты есту қабілетінен айрылған балалардың дамуына үлкен мүмкіндіктер беретіні белгілі. Ол естімейтіндердің оқуға әлеуметтік себептерін, танымдық қызығушылықтарын қалыптастырады, интеллектуалдық қабілетін дамытады. Меңгерген ғылыми білімдері, жалпы оқу және арнайы білімдері балалардың дүниетанымын кеңейтеді, жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Ауызша сөйлеу және психикалық даму процестері қалыптасады, жалпы, негізгі орта білім береді, саңыраулардың білім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Қалыптасқан сөйлеу тілі және психикалық процестердің дамуы тұтас алғанда естімейтіндердің білім деңгейін жетілдіруге ықпал етеді, негізгі орта білімді алуды қамтамасыз етеді.
Естімейтін балалардың жоғарыда аталған ерекшеліктерінің дамуы және еститін балалармен тең білім алуын қамтамасыз ету үшін арнайы жағдай жасау, оқудың әр кезеңінде нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді шешуге және естімейтіндердің әлеуметтік бейімделуіне ықпал етуді қамтамасыз ету қажеттігін анықтайды.
Есту қабілеті төмен балалардың ерекшеліктері
Естімейтіндермен салыстырғанда есту қабілеті төмен балалар дыбыс есту мүмкіндігіне ие және оны оқу барысында айналамен қарым-қатынаста, айналаны тануда тиімді пайдаланады. Кеш саңырау болғандар, яғни есту қабілеті жоқ, бірақ сөйлеу тілі сақталғандар да бар. Бұл балалардың сөйлеу тілінің деңгейіне бірнеше факторлар әсер етеді: саңырау болған уақыт, баланың дамуы мен өсу жағдайы, сақталған есту жағдайы, сөйлеу тілін дамытуға арналған жұмыс сапасы. Өте кеш пайда болған саңыраулық тілдік қорға әсер етпейді, әсіресе баланың оқу, жазу дағдылары қалыптасса. Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеуі жиілік зонасында (от 500 до 2000 Гц) естуінің төмендеу деңгейіне байланысты ажыратылады, яғни 75 дБ аспайды.
Есту қабілеті төмен балалардың сөйлеу тілі дамымаған, сөздік қор аз, сөздердің лексикалық маңызы, грамматикалық құрылымдар дұрыс қолданылмайды, тілдік категориялар араласып, нәтижесінде сөздерді орынсыз қолданады. Есту қабілеті төмен балалардың ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыру мүмкіндігін жасайды, бірақ сөйлеу қоры және дыбысты қабылдау бұрмаланған. Нәтижесінде сөздер мен сөйлемдерді түсінуі баланың ұғымы мен түсінігіне ерекше әсер етеді, бірақ көп жағдайда қоршаған орта туралы дұрыс емес картинаны береді. Бұл танымдық қызметте өз ізін қалдырады: салыстыру, талдау, жинақтау арнайы сипатқа ие болады. Есту қабілетінің бұзылуы жағдайында тілдік қордың аздығы, баланың қиюсыз сөйлеу сипаты оның жалпы танымдық қызметінің дамуына жағымсыз із қалдырады. Ішінара есту қабілетінен айрылған баланың ерекше дамуы алғашқы биологиялық (естудің физикалық дефектісі) себеп әлеуметтік әсерге (психиканың бұзылуына әсер ететін қарым-қатынастың бұзылуы) әкеледі.
Осы әсерлердің негізгі көрінісі (сөйлеудің дамымауы, әсіресе ойлау, есте сақтау, назар тұрақтату, қабылдау, ұсыну) функционалдық сипат болып табылады. Сондықтан, даму кемшіліктерді жеңу арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайында адамға біртұтас әсер ететін әлеуметтік табиғи жолдары мен құралдарды талап етеді. Арнайы ұйымдастырылған түзету-педагогикалық процесс есту қабілеті төмен және кеш естімей қалғандардың жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыруға бағытталған. Арнайы білім берудің арқасында олардың ауызша сөйлеу, тұжырымдамалық ойлау, ауызша жады қалыптасқан және әлеуеттік және компенсаторлық мүмкіндіктерін кеңейту үшін қажетті жағдайлар жасалады.
Естуді дамыту – «естіп қабылдау» терминінің синонимі «есту сөзі верботональды әдіс аясында тек физикалық мүмкіндікті емес, сонымен қатар әлеуметтік мағынасын ашады: «есту» - қарым – қатынас жағдайын түсіну, бейтаныс жағдайда өзін еркін ұстау, диалог құра білу және т.б. естуді дамытудың көпжақты қасиеттеріне дыбысты сезінуді қалыптастыру, ритмін ажырату, дыбыстық сигналдың ұзақтығын, оның қарқындылығын (қатты - ақырын) ажырату, дыбыстың бағытын және т.б. анықтау.
Лингвистикалық және фонетикалық прогрессия. Лингвистикалық дегеніміз – айтылған сөздің мағынасын түсіндіруге бағытталған жұмыс (анық көлемі мектепке дейінгі және мектеп бағдарламасының мазмұнына сай болады), ал фонетикалық прогрессия дегеніміз просадияны (ритм, темп, интеграция және т.б.) меңгеруде және дыбыс айтуды түзетудегі педагогикалық көмек. Музыкалық ынталандыру: ауызша сөйлеу тілінің темпін, интонациясын, әуенділігін меңгеру үшін қолданады. Осы көмекші тәсілдің көмегімен дауысты дыбыстарды айтуын дамыту, буындарды айтып, ажырату, интонацияны, ритмді, дауысты көтеруді және басқа да фонетикалық факторларды меңгеруді қамтамасыз етіледі.
Фонетикалық ритмика – есту, сөйлеу қозғалыс және қозғалыс анализаторларының өзара әрекетіне негізделген қозғалыс жаттығулар жүйесі: дененің, бастың, қол, аяқтың қозғалысын және табиғи жесттерді орындау кезіне белгілі бір сөздік материалды қосарлана айту, алғаш рет XXғ. 50 – 60ж академик П.Губерина мен шәкірті Весной Пинтер (Хорватия) ойлап тапқан. Осы тәсілді қолдану естімейтіндердің және нашар еститін балалардың сөйлеуіне оң әсер етіп, сөйлеу тілін қалыпты баланың тіліне жақындатады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекемелерде сурдопедагогтар фонетикалық ритмиканы балалардың сөйлеу тілінің дыбысталу жағын дамыту үшін қолданады.
Верботональды әдіс бойынша оңалтудың мақсаты – естімейтін баланың еститін адамдармен сөйлеу арқылы толыққанды қарым – қатынас жасау үшін қажетті каммуникативті қабілеттерін дамытып, жалпы білім беретін ортаға интеграциялау. Осындай жұмыстың нәтижесінде есту қабілеті зақымдалған балалар 7-8 жасында ақыл – ойы мен сөйлеуінің дамуы қалыпты жағдайға сай келіп, жалпы білім беретін мектепте білім алуына мүмкіндік туады.
Верботональдық әдіс педагогикалық жүйе ретінде әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, есту қабілеті зақымдалған балалардың еститіндермен қарым қатынас жасап, әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесетін арнайы әдістер мен тәсілдерді таңдауды ұсынады.
Әдістің ең басты, маңызды құрам бөлігіне кешенді медициналық, психологиялық-педагогикалық шаралар жатады.
1. Тереңдетілген диагностикалау оңалтудың негізі болып табылады (арнайы аудиометриялық камерада өтеді). Оған қалдық естуді функционалды тексеру және есту мүмкіндіктерін анықтау жатады, себебі, дыбысты минимальды күшейткенде сөйлеу материалын жақсы түсінетін ыңғайлы есту аймағын, яғни ыңғайлы жиіліктерді анықтау үшін өте қажет.
Сонымен қатар, арнайы тесттің көмегімен баланың сөйлеу тілін түсіну сезімталдығын анықтайды. Тексерілушінің қайтарған сөйлеу әрекеті мен реакциясы ауызша сөйлеу тілін оқытудың ерекшеліктерін анықтап, жұмыстың жеке бағдарламасын құруға көмектеседі. Кешенді тексерудің нәтижесін реабилитатор талдайды, тестілеу кезіндегі анықталған ерекшеліктермен ескертулер туралы ата-аналарға, сурдопедагогтарға, тәрбиешілерге хабарлайды. Тестілеу кезінде төмендегідей көрсеткіштер айқындалады:
- сөйлеу тілінің даму кезеңдері (айқай, гуілдеу, былдыр, қарапайым сөздер, фразалық жайылма сөздер);
- қалдық естуі (сөйлеген жаққа басын бұруы, дыбыс шығару, жеке сөздерді қайталауы,ажыратуы, диалогқа қатысуы);
- ритмді қайталау реакциясы, ұзақтығы мен қысқалығын ажырату (көру арқылы қабылдау болмайды);
- сөйлеуді есте сақтауының дамуы (естіген сөзін өз бетімен қайталай ала ма, қандай көлемде?);
- бақылау қашықтығы (құлақ қалқанынан дыбыстың шыққан жеріне дейінгі қашықтық);
осы аталған көрсеткіштер бойынша алынған мәліметтерді жалпылай отырып, реабилитатор әр балаға жеке жұмыс бағдарламасын құрастырады, оның мазмұнын сурдопедагог және тәрбиешімен бірге талқылайды.
Әдістіңмаңыздышартыбалалардыпротездеуболыптабылады. Балалардыңестуінуақытындажәненақтыпротездеу – интеграциялаудықамтамасызететінқажеттішартболыптабылады.
Жалпы білім беретін ортаға және еститін адамдар қоғамына интеграциялаудың негізіне естуін дамыту мен сөйлеу тіліне үйрету жатады. Естуге үйретудің мазмұнына акустикалық сигналдарды ажырату, сөйлеу тілінің элементтерін (ритм, күші, дыбыстық сигналдардың ұзақтығы) қабылдау, әртүлі дыбыстарды ажырату, және т.б. кіреді. Сөйлеу тілін қалыптастыру жұмысы спонтанды дауыстауды ынталандырудан, сөйлеу формаларын қайталаудан тұрады. Ауызша сөйлеу тіліне үйрету барысында балаларды жеке дыбыстарды айтуға, оларды буынға қосуға, одан кейін сөздер мен сөйлемдер құрап айтуға, әртүрлі ойын жағдайларын қолдана отырып ынталандыру.