Сабақ жоспары: Оңтүстік Американың климаты

Oinet.kz 30-09-2020 956

Абдукалыкова Назира АсылбековнаҚызылорда облысы, Шиелі ауданы, Алғабас ауылы,№157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінің география пәнінің мұғалімі 

Мақсаты:

Оқушылар Оңтүстік Американың климаты туралы білім  алады.

 Оқушылар климат туралы төменгі сыныптарда алған білімдерін дамытады.

Оңтүстік Американың климатының ерекшеліктерін түсініп, әрбір климаттық белдеулерге талдау жасайды, ой қорытады, білімдерін ортаға салады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ тәсілдері: интерактивті, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақ көрнекілігі: интертақта, Оңтүстік Американың физикалық картасы, бағалу бетшесі

Сабақ жүрісі:

 Ұйымдастыру.  Амандасу.Психологиялық ахуал.Біз әрқайсымыз әр жыл мезгілдерінде дүниеге келдік.Жыл мезгілдері біздің мінез құлығымызға әсер етеді.

 Жаз-жүрегі нәзік,сұлулықты жаны сүйеді,дос болуға таптырмайтын адамдар.

Көктем- өзіне көп көңіл бөлгенді қалайды, мақтағанды сүйеді. Өзін айрықша күтетін, сәнқой,  адамдар.

Күз-ақкөңіл, жүрегі сондай кең, қарапайым жандар. Бірақ тентек, ашуы мықты, әділдікті қалайды.

Қыс -Энергиясы мол, өзіне сенімді, жауапты, бірақ өзге ортағаға үйренісуі қиын адамдар

Сыныпты  жер су атаулары арқылы топтарға бөлу.

Жаңа сабақты оқып үйрену.

Сабақ бөлімдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Кіріспе бөлім.

 

Үй тапсырмасын  сұрау.

1.графикалық диктант . Сұрақ саны  әр топ үшін  7.

2.Картамен жұмыс. Әр топ картадан  жер бедерінің түрлерін көрсетеді.

Мысалы:Ориноко ,Аконкагуа, Патогония, Маморе, Гран Чако.

 

Сұрақтарға тез жауап береді.

Иә жауабына ∩

Жоқ жауабына _ қояды.

Сонда ∩_  графика шығады.

Негізгі бөлім.

Жаңа сабақты оқып үйренер алдында оқушыларға төмендегі  сұрақтар қойылады.

Климат деген не?

Климаттық белдеулерді жіктеген кім?

Қандай климаттық белдеулерді білесіздер?

Жаңа сабақ:

 «Оңтүстік Америка климаты»

Материктің климатын қалыптастырушы  факторларды айтып, жеке- жеке тоқталады.

Мысалы:географиялық ендік.

Материкті экватор сызығы солтүстігінен кесіп өтетіндіктен, жылуды мол алады да  материк қатты ысиды.бірақ жауын шашынның көптігі, материкті шамадан тыс қызып кетуден қорғайды.

Материкке  үш ауа массасы әсер етеді.Олар экваторлық, тропиктік, қоңыржай ауа массасы.

   Экваторлық ауа массасы әсерінен ылғал мол түседі.

   Тропиктік ауа массасы әсерінен материкке ылғал аз               түседі.

   Қоңыржай ауа массасының әсерінен материк          салқындайды немесе  құрғайды.

Жердің төсеніш беті мен ағыстардың әсерін түсіндіреді.

Әрбір климаттық белдеулерге толық тоқталады.

Климат  ауа райының белгілі бір жерге тән көпжылдық режимі.

Климаттық белдеулерді жіктеген орыс климатогы Алисов.

Климаттық белдеулер негізгі, өтпелі.

Өткен сабақтағы білімі бойынша Эль Ниньо ағысын айтады.

Қорытынды бөлім.

Әр топқа түрлі тапсырмаларды береді.

Мысалы:

1.Берілген климаттық диаграммаларға қарай отырып, климаттық белдеуді анықтаңыз.

2.Әрбір климаттық белдеуге сипаттама беріңіз.Кесте түрінде.

Шығармашылық сұрақ.

Анд тауы материктің шығысында болғанда климат қалай өзгереді?

Берілген диаграммаға қарап, климаттық белдеуді анықтайды.

Кестені толтырады.

Шығармашылық сұраққа өз ойларын айтады.

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Топ басшысы бағалайды.

Тақырыпты оқу. Кескін картаға климатттық белдеулерді түсіру.

Оқулықтағы диаграммаларды  анықтау.

Жоспар бойынша кез келген бір қаланың климатын сипаттау.

Бағалайды. Бетшені толтырады.


Тема урока: Сложноподчиненное предложение
Сабақ жоспары: Қазақстанның пайдалы қазбалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу