Ғылыми жұмыс. Кемпірқосақ
М. Әбенова атындағы жалпы орта мектеп
Орындаған: 1 сынып оқушысы: Тасболат Мадина Серікқызы
Ғылыми жоба жетекшісі: Жұмабекова Ақмөр Мырзәліқызы
Ғылыми жұмыстың тақырыбы: Кемпірқосақ
Кіріспе
Кемпірқосақ – аспан күмбезінде түрлі түсті доға түрінде көрінетін атмосферадағы оптикалық құбылыс. Ол аспанның бір жағында торлаған бұлттан жаңбыр жауып, қарсы жағында жарқырап күн шығып тұрған кезде көрінеді. Кемпірқосақ тікелей түскен күн сәулесінің жаңбыр тамшыларынан өткенде сынып, құрамдас бөліктерге (қызыл, сарғылт, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін) бөлінуінің және тамшы бетінен шағылған толқын ұзындығы әр түрлі сәулелердің дифракциялануы мен интерференциялануы нәтижесінде пайда болады.
Кемпірқосақ қалай пайда болады?
Қапырық ыстықтан кейiн, бұлт қоюланып нөсерлетiп жаңбыр жауады. Жаңбыр басылған соң бұлт сейiлiп көкжиектен батып бара жатқан күн көрiнедi. Дәл осы кезде тарап бара жатқан қара бұлт арасынан, жерге қарай иiлген алып доға тәрiздi кемпiрқосақ пайда болады. Оның бір - бiрiмен жарыса астасқан жетi жолағы: Қызыл, ақшыл сары, сары, жасыл, ақшыл көк, көк, күлгiн жетi түске малынған.
Аспан күмбезiнде мұндай ғаламат қалай пайда болған?
Ал бұған себепшi былайша сары болып көрiнгенiмен шындығында жетi түстен тұратын жарық сәуле кәдiмгi күн жарығы екен. Аспаннан күн сәулесi түскенде біз оны аппақ жарық ретiнде көремiз. Ендi оның жолына жаңбыр тамшылары кезiктi. Жаңбыр тамшыларынан өткенде оның алуан түстi сәулесi әр алуан түстi бiрнеше сәулеге бөлiнедi cонда аспанда кемпiрқосақ пайда болады. Доғаша келген кемпiрқосақтың сыртқы жолағы әдетте қызыл болады ал оның iшкi жиектерiне қарай басқа түстердiң, ең соңында көк және күлгiн түстердiң көрiнедi.
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды
Көкте, қызыл, жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Кемпірқосақ әні
Жаңбыр бітті, алақай!
Далаға шық, балақай!
Кемпірқосаққа қара,
Әрбір түстерін сана!
Бірінші түсі оның –
Қызыл қызғалдақтай.
Екінші түсі оның –
Қызғылт - сары балдай.
Үшінші түсі оның –
Сап - сары тарыдай.
Төртінші түсі оның –
Көгілдір аспандай.
Бесінші түсі оның –
Жасыл жапырақтай.
Алтыншы түсі оның –
Көк көлдің суындай.
Жетінші түсі оның –
Күлгін орамалдай.
Тәжірибе жасау
Ақ парақтағы кемпірқосақ
Құрал - жабдықтар: ақ парақ қағаз, шыны әйнек, күн сәулесі.
Күн сәулесінің түскендегі қолайлы сәтті пайдаланып, жалюзді жауып, арасынан кішкене саңылау қалдырыңыз. Шыны әйнек арқылы параққа түскен сәуледен кемпірқосақ пайда болады.