Баяндама: Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Oinet.kz 08-09-2020 1911

                        Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданыЫрымдар мен нанымдар.Он және теріс бата, жылан арбау, күн жайлату, ауруды      емдеу, кәрі жілікті    іліп қою, отқа май салу, дуалау, бәдік, алғыс – қарғыс, бақсылық және т.б.   

 

Діни рәсімдер. Намаз оқу, ораза ұстау, зекет- садақа беру, қажыға бару.

 

Діни мейрамдар. Ораза айт, құрбан айт

 

Жалпы халықтық  тойлар. Наурыз мейрамы, Қымызмұрындық, Сабантой          

                                               (мизам),  Соғым басы.         

Кәсіптік мейрамдар. Биебайлау, сіргежияр, жүн қырқар, тулақшашар, күйек

                                     байлау, шашыратқы, уызқағанақ және т.б.


Қазақтың төрт тойы.

 

Наурыз мейрамы – күн мен түн тепе – теңдікке келген сәттен бастап тойланады. Наурыз мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін ашып, тал егіп, игілікті жұмыстар атөарады. Бұл кезде мал төлдеп, жер көктеп, дүние жаңара бастайды. Сондықтан да наурыз тойын «тепетеңдік», «игілік», «жаңару», мейрамы деп атайды..

 

Қымызмұрындық – жаз тойы болып, мамыр айынан бастап маусым айына созылатын үлкен той. Осы кезде мал отығып, биелер желіге байланып, қымыз жиналып, ағайын – жекжаттар бірін – бірі қымызға шақырады. Құран оқып, мал сойылып, түрлі ойын – сауықтар, жарыстар ұйымдастырылады. Осы кезде түрлі той- томалақтар да өткізіледі.

 

Мизам (Сабан той) Күз айында диқандар мен бағбандардың құрметіне арналған той. Бұл тойда  түрлі жарыстар мен ойын – сауықтар өткізілді.

 

Соғым басы – қыс тойы болып алғаш рет қар жауып аяз

түскен сәттен басталады. Осы кезде ауыл адамдары соғымға

сақтаған малдарын сойып, бірін – бірі қонаққа шақырады.

қыстың ұзақ түнінде ақындар мен жыршылар терме, қисса,

ертегі айтып, жұртты қызыққа батырады.

 

Дәстүрлі үйлену тойы.

 

1.   Қыз таңдау. Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиіс қасиеттер бағаланған соң, жігіттің қасындағылар оның әке – шешесіне сездіреді.

2.   Қыз айттыру. Жігіт әкесі қыз үйінің төріне қамшысын іліп, «қызыңның қарғы бауына » деп бір жорға байлатады. Бойжеткенге үкілі тақия, сырға, сақиналар сыйланады.

3.   Жаушы жіберу. Жаушы шалбарының бір балағын етігінің қонышына сыртына шығарып, екініш балағын қонышқа сұғындырып, ақ түсті атқа мініп, қыздың үйіне келіп, «қарағым көрпе сал» деп бұйырады. Қыз үйі жаушыға «шеге шапан» кигізеді.

4.   Құда түсу тойы. Жігіттің туған – туысқандары құдалыққа қыз апуылына барады. Мал сойылып, оның бауыздау қанына құдалар қол батырып, бата бұзбауға серттеседі. Құйрық – бауыр жегізу, құда тарту, ұн жағу т.б. орындалады.

5.   Есік – төр көрсету тойы. Қыздың туған – туысқандары жігіт ауылына қарсы тойға барады. Құда түсу тойындағы кәделер қайталанады

6.   Ұрын той. Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік  туғызу үшін ұрын той өткізіледі.   

     Ентікпе, шатыр байғазысы, балдыз көрімдігі, қыз қашар, күйеу  

     қашырар, желі тартар, ит ырылдар, 

     бақан саларо,  үйге кірер,кемпір өлді, шымылдық ашар, төсек

    салар, қыз құшақтатар, шаш сипар, 

     көрпе қимылдатар кәделері алынады.

7.   Қыз ұзату тойы. Ат байлар,құдай жолы, шаңырақ көтерер, уық шаншар, туырлық жабар, түндік жабар, отау байғазысы кәделері алынады.Қыз бен жігіт ақ отауда оңаша кездеседі. Некесі 

    қиылады.Түрлі ойын – сауық өткізіледі, жар – жар

    айтылады.Қыз аттанарда «сыңсу» айтады

8.   Келін түсіру тойы. «Беташар» айтылады. Той негізінен қыз

     ұзату тойымен бірдей өткізіледі.

 

Қыз таңдау дәстүрі.

 

Қызға қойылатын талаптар

Талапқа сай ұлттық түсінік

1

Қыз бен жігіт арасындағы туыстық жеті атаға толуы

Жеті атасын білмеген жетесіз.

Жеті атасын білген жігіт жеті жұрттың қамын ойлайды. Жеті атаға   толыстық, жеке ел болыстық.

 

2

Қыз бен жігіт арасындағы жас үйлесімі болуы

Отау тігер жас – жігеттерде 19 бен 25, ал қыздарға 16 мен 19.   Жиырмаға жеткен қыз сары болар, өңі кетіп, шырайы сары болар.

                                                  (Шал ақын)

3

Қыздың ақылдылығы

Әйел алсаң, қарап ал ақылдысын, Ол сенің ақыреттік жақың кісің.           (Шал ақын)

Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата – ананың қызынан қапы қалма    

                                                       (Абай)

4

Қыздың тектілігі

Тегіне қарап қызын ал

Соғуына қарап қау ас.

Көріп алған көріктіден,

Көрмей алған текті артық.

Аяғын көріп асын іш,

Шешесін көріп қызын ал.

5

Қыздың сымбаты мен көркі

Әркімдікі өзіне, ай көрінер көзіне.

Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу,

Махаббаттың отына күйген сұлу.

Ақылына көркі сай

6

Қыздың іскерлігі

Өнерсіз қыздан без.

Өнегесіз ұлдан без

 

Ер жігітке қойылатын талаптар.

 

 

Халықтық талап

 

Талапқа сай түсінік

1

Кескін келбеті

«Еңсегей бойлы, терең ойлы, өткір көзді, қара қасты, кең маңдайлы,   қыр мұрынды, қияқ мұртты, кең иықты, шешен тілді, жау жүректі т.с.с»

 

2

Қадір – қасиеті.

«Қырандай алғыр, сұңқардай ер, арыстандай айбатты, жолбарыстай   қайратты, қасқырдай өжет, нардай төзімді т. с. с»

 

3

Қабілет икемі.

Ел басқаратын, дау шешетін, жомарттық жасайтын.

 

4

Зерде - зейіні

Тылсым сырды ұға алмайтын.

 

5

Өнер - өрісі

Өмірден әперер сыбағасын

 

6

Тапқырлық - ерлігі

Дұшпанға найза сұға алатын

 

7

Қайрат - қаруы

Аяқтан шалғанды жыға алатын

 

8

Жігер -  күші

Қиындықта сыналатын.

 

9

Білімі.

Биікке бастап шыға алатын

 

10

Адалдығы

Туған елі мен дос – жарандарына адал болатын

 

11

Әділеттігі

Қара қылды жаратын

 

12

Шыншылдығы

Қаймықпастан, турасын айтатан

 

 

Құдалардың түрлеріне байланысты атаулар.

 

Атауы

 

Түсінік

1

Құда

Күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға – інілері мен туған   туыстары

2

Құдағи

Қарама – қарсы жақтың, әжелері, шешелері, апалары

3

Құдаша

Қарама – қарсы жақтың сіңілері

 

4

Бел құда

Туылмаған (белдегі) балаға ниет құдалар

5

Бесік құда

Құданың бұл түрі ел ішінде «Қызылдай құда», «қарын құда», «құрсақ   құда» деп те аталады.

6

Қарсы құда

Ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар, кейбір жерде «бесік   кертпе құда», «бесік кертті құда» делінеді.

7

Бас құда

Бір – бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат – қабат құдалар

8

Жанама құда

Екі жақтың сөзін сөйлер құдалар.

 

9

Бауыздау құда

Мал бауыздағанда бата берген құда.

 

 

 

Кіндік кесу дәстүрі.

 

Р/с

Кіндік шешенің атқаратын міндеті.

Кіндік кесуге байланысты салт – дәстүрлер

1

Жүкті болған әйелді күту

Екі жас үйленіп жатқан кезден кіндік шеше болуды  қалап алатын әйелдер болады. Ол үшін   алдымен екі жасты арнайы қонаққа шақырып, өз дастарханынан дәм тарттырады.   Осыдан кейін екі үй арасында да қарым – қатынас жиілеп,, жарастық орнайды.   Жүкті әйелді күтімге алады.

2

Босану кезінде басы- қасында болу

Толғақ мерзімі жақындағанда жеке үй дайындалады. От жағып, су   жылытылады. Үйдің іші – сырты дүние мүлкі мұнтаздай тазаланады. Осы істердің,   басы – қасында кіндік шеше ұйтқы болып, жүреді. Жүкті әйелді толғақ үстінде   кіндік шеше демеп тұрады және  олай –   бұлай жүруіне де рұқсат етіледі.

3

Кіндігін кесу

Кіндікті ақбалтамен кесіп, таза жіппен байлап, түбіне күл сепкен. Ақ   балтаны өзге нәрсеге пайдаланбай, сақтап қойған. Ер баланың кіндігін ырымдап   «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырған. Ал қыз баланың кіндігін   «үйдің құты болсын» деген оймен от басы, ошақ түбіне көмеді. Оқымысты болсын   днп кітаптың, ат құлағында ойнасын деп аттың жалына байлайды.

4

Балаға қамқорлық жасау.

Дүниеге келген сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың   жүнімен ауыздандырған. Бала ер жетіп ел қатарына қосылғанша кіндік шеше өз   назарынан тыс қалдырмай әрдайым қамқор болып жүрген.

 

 

 

Балаға ат қою дәстүрі.

 

Балаға ат қоюдағы салт – дәстүрлер

 

Түсінік.

1

Артық саусағына қарай ат қою

Артық,    Артықәлі, Артықбай, Қосекен.  

2

Балаға тіл – көз тимейді деген ниетпен ат   қою.

Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай т. б

3

Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат   қою.

Тасболат, Тастемір, Шымырбай.

4

Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат   қою.

Аман, Амангүл, Есен, Жүрмін, Тұрсын, Тұрсынгүл,   Тоқтар.

5

Бала – шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп   жасасын деген ниетпен ат қою.

Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжаса, Мыңжасар, Өмірбек,   Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.

6

Бұрын – соңды болған қару – жарақ аттарына   байланысты.

Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай,   Шоқпарбай т. б

7

Елдің ардақты азаматтарының  атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын   деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою.

Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Сәкен,   Сәбит, Сырым, Төлеби, Ыбырай, Махамбет, Қазыбек т. б

8

Ерекше көзге түсетін белгілеріне қарай ат   қою.

Анарбай, Қалдыгүл, Қалдыбай, Құдірет,   Меңдібай, Сүндет т. б

9

Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою.

Ғали, Жамая, Зылиха, Иса, Мұхамбет, Омар,   Оспан, Хадим, Сүлеймен т. б

10

Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл   тастардың қымбат металдың нәзік өсімдіктердің атын қою.

Айман, Алтын, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс,   Құралай, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т. б

11

Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат   қою.

Лекер, Шалабай, Шалабек.

12

Мұрат – мақсатыма жеттім – ау деген ниетпен.

 Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат

13

Соңғы балаға ат қою.

Кенжебай, Кенжетай, Кенжегүл

14

Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты.

Арыстан, Алабай, Бота, Ботагөз, Бүркіт,   Қойшыбай, Сандуғаш. 

15

Ұлы жоқ үйде қыз туғанда

Болған, Тойған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлту,   Ұлтуған т.б.

 

Шілдехана тойы.

 

Шілдеханада орындалатын салт – дәстүрлер.

Түсінік.

1

Бала дүниеге келген күні кешке ауыл жастары   шілдеханаға жиналады..

Әйел аман – есен босанған күні кешке ауыл   жастары шілдеханаға жиналады. Шілдехана кейде үш күнге созылады.

2

Өнерлі    жастар таң атқанша жаңа туған баланы, оның анасын ардақтап ән салып,   күй тартады.

Бұған өерлі жастар шақыртпай келіп, таң   атқанша көңіл көтереді.

3

Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысады.

Қыз – келіншектер мен бозбалалар айтысып,   жеңгендері тоғызын алады.

4

Әртүрлі ойындар ұйымдастырылады.

Жастар түнді қуаныш қызықпен өткізеді.

5

Шілдеханаға тек қана жастар қатысады.

Шілдеханаға ауыл үлкендері қатыспайды. Жаңа   туған нәрестені әртүрлі жын – шайтан, перілердің салқынынан қорғап, күзету   халық сенімі бойынша тек қана жастардың міндеті.

 

Баланы бесікке салу дәстүрі.

 

Баланы бесікке салуда орындалатын салт –   дәстүрлер.

Түсінік

1

Бесіктің жабдықтарын орын – орындарына қою

Кіндігі түскен баланы бес күннен кейін бесікке   салады. Бұл томалаққа жиналған ауылдың көрші – қолаң әйелдері шашуларын ала   келеді. Баланы бесікке салардан бұрын ауылдың жасы үлкен, беделді әйелі бесік   жабдықтарын орын – орындарына қояды. Содан кейін бесікті адыраспанмен аластап   шығады.

2

Адыраспан түтінімен бесікті аластап шығу.

Баланың ұйқысы тыныш болу үшін және жын –   шайтанды қуу мақсатымен адыраспанды отқа жағып, түтетіп, баланы бесікке   бөлерден бұрын бесікті айналдыра ырымдайды. Кейде бесіктің бел ағашына   қыздырылған темір тигізіп, те ырымдайды.

3

«Тыштыртыма» ырымын жасау.

Баланы бесікке бөлерден бұрын тыштырма ырымы   жасалады. Бесіктің түбек тесігі арқылы бауырсақ, кәмпит және басқа тәтті   дәмдер жапа тарамағай астына тосылған алақандарға тасталады. Басқарушы әйел,   «тышты ма» дегенде, қасындағы әйелдер іле – шала «тыштым» деп шу ете түседі.   Әрбір жақсылықты үнемі шашу шашумен қарсы алатын халқымыздың бұл дәстүрі   балаға бесік құт дарытсын деген ниетпен туған рәсім.

4

Бала бөленген бесіктің үстіне жеті нәрсе   жабу.

1 – бесік көрпе, одан кейін шапан, кебенек,   тон жабу, жүген және қамшы сияқты бұйымдармен жабады. Тон, шапан жабу   ержеткенде халықшыл болуына, жүген тез өсіп, ат үстіне ойнақ салсын. Кебенек   пен қамшы – ел қорғайтын ер болсын деген тілек.

 

 

Баланы қырқынан шығару дәстүрі.

 

Баланы қырқынан шығаруда орындалатын салт –   дәстүрлер.

         Түсінік.

1

Ұл баланы қырқынан шығару мерзімі.

Ұл баланы қырқынан 37, 39 күнде шығарады.   Бұл ұл баланың қызға төлейтін қалың малы аз болсын деген ниетте істеледі.

2

Қыз баланы қырқынан шығару мерзімі.

Қыз баланы қырық күннен асырып 42 – 44 күнде   қырқынан шығарады.

3

Баланы шомылдыру.

Бұл кәдеге жиналған ауыл әйелдері ыдысқа 40   қасық су құйып, теңгелер салған суға баланы шомылдырады.

4

Сүт тырнағын алу

Баланың тырнағын алғаннан соң адам баспайтын   жерге көміп тамтайды.

5

Қарын шашын алу.

Бұл шашты шүберекке түйіп, тұмарша етіп,   тігіп, баланың оң иығына қадайды. Жалпы баланың шашын еш уақытта ашық – шашық   жерге  тастамайды. Адам аяғы баспайтын   жерге көміп отырады. «Қарын шаштың қарғысы қатты болады» деген мақал да осы   салтқа байланысты.

6

Ит көйлегін ауыстыру.

Баланың қырқынан шыққанша киетін «ит   көйлегіне» сәбиді қырқынан шығару үстінде түрлі тәттілерді түйіп, бір иттің   мойынына байлап қоя береді. Жас балалар итті қуып жетіп, тәттілерді өзара   бөлісіп алады. Бойныа бала бітпей жүрген әйелдер қалап алатын дәстүр бар.   Баланың анасы ит көйлекті жыртып береді.

 

 

Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрі.

 

Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері.

                    Түсінік.

1

Нәрестені тіл – көзден сақтау дәстүрлері.

Нәрестені тіл – көзден сақтау үшін   нәрестенің бесігіне, киіміне тұмар ретінде, жылан басын, үкі, тоғыз моншақ,   күміс тиындарды іліп қойған.

2

«Көз тиді» деп секем алу.

Егер «көз тиді» деп секем алған жағдайда сол   адамның үйінен бір нәрсесін әкеліп түтетеді. Осылайша қас күштердің беті   қайтады. Баланы тіл – көзден сақтайды деген сенім болған.

3

Нәресренің ата – анасы әлде біреудің   нәрестеге сұқтана қарағанын, «балаң балпақтай» екен деген сөзін көңіліне алу.

Егер нәрестенің ата – анасы көңіліне алған   жағдайда, іле – шала оған түкірту ырымын жасатады. «Көзінде қалы бар адамның   қарағаны тегін жібермейді» деп осындай белгісі бар адамның келуінен қатты   сақтанады.

4

Нәресте сұлқ түсіп, қатты ауырып қалған   кезде.

Осының «көзі тиді - ау» деген адамды таптырып   алып, оған түкіртеді. Басқа да сан түрлі ұшықтау ырымдарын жасайды.

5

Нәрестеге жұрттың назары түспеуі үшін.

Нәрестені көзден тасалап, оған көбінесе   жаман – жәутік, ескі – құсқы кигізіп, бет аузына әдейі күйе жағып қояды.

 

Жүкті болған келінді күту дәстүрі.

 

 

Жүкті болған келінге жасалатын салт – дәстүр.

 

Түсінік.

1.

Керегеге орамл   тану.

Келіннің жүкті   болғанын сезген ене «Атамыздың аруаға біліп, қолдап жүрсін»деп ауылдағы үлкен   үйдің оң керегесіне ақ орамал таңады.

2.

Құрсақ шашу.

Келін жерік   болғанда кішігірім той істейді. Бұған әйелдер өз үйлерінен бір –бір дәм   пісіріп әкеледі.

3.

Жуамен   тамақтандыру.

Келіннің тәбетін   ашу үшін жуа әкеліп жегізеді.

4.

Сағыз шайнату.

«Іштегі бала шымыр   болсын»деген ниет.

5.

Саз,топырақ, қызыл   ірімшік жегізу.

Баланың сүйегі   берік болу үшін жегізеді.

6.

«Келін көңілі»бас   қосуын өткізу.

Келіннің көңілін   көтеру үшін, жастардың бас қосуын ұйымдастыру.

7.

Арқан еспеу.

Бала кіндігіне   оралып қалуы мүмкін.

8.

Теңді буу, қаптың   аузын жабуға рұқсат етпеу.

Керісінше жабулы   заттарды алуға, буулы нәрселерді шешуге болады.

9.

Түйе етін жемеу.

Жүкті әйел баласын   9ай емес 12ай көтеруі мүмкін.

10.

Келіннің етегін   бүру, далаға жалғыз шығармау.

Түсік болдырмауы   үшін жасалады.

 

 

 

Баланы сынау дәстүрі.

 

Балада болатын қасиеттер.

Баланың баламасын болжау белгілері.

1.

Бақытты, жары сұлу.  

Ұл бала көзін ашып   ұйықтайтын болса.

2.

Балуан.

Бетінде қалы болса.

3.

Ел басқаратын   көсем.

Жастықтың үстінде   ұйықтайтын болса.

4.

Жайдары.

Маңдайы кең болса.

5.

Жайдары, ақкөңіл.

Шалқасынан жатып   ұйқтайтын болса.

6.

Жалқау.

Желкесінің шұқыры   үлкен болса.

7.

Кемеңгер.

Аяқ –қолын төрт   жаққа созып бей –жай ұйықтайтын болса.

8.

Күйеуі көрікті.

Қыз болса көзін   ашып ұйықтаса.

9.

Күйеуі.

Баланың бір   құлағынан екінші құлағы үлкен болса.

10.

Қызғаншақ, кейде   ойшыл.

Етпетінен   ұйықтайтын болса.

11.

Мырза.

Алақаны ашық,   алсңсыз емес.

12.

Өтірікші.

Құлағы мен ауызының   арасы жақын болса.

13.

Сараң.

Анасының омырауын   тас қылып ұстап отырып алса.

14.

Сері.

Бас бармағы   үлкен,сүйрік болса.

15.

Уайымшыл.

Бүктісіп ұйықтайтын   болса.

16.

Шебер.

Бармағы майысқан   болса.

17.

Ынжық.

Көрпені тұмшалап   орап алып жататын болса.

 

Баланы: 1. Асырап алу дәстүрі.

                            2.Cүндетке отырғызу дәстүрі

 

Бала асырап алуда   орындалатын

салт –дәстүрлер.

 

Түсінік.

1.

Міндетті түрде той   жасау.

Қазақ халқында   негізінде өз кіндігінен ер баласы жоқ адамдар туыстарының, ағайындарының   баласын асырап алатын. Көбінесе ер балаларды, ал оның реті елгенде қыз баланы   да асырап ала беретін. Малды адамдар атшаптырып той жасаса, дәулеті шағындар   құрмалдық жасайды.  

а

Ер балаға асық   жілік, қыз балаға тоқпақ жілік ұстау.

Баланың қолына   жілік ұстатып, көпшілікті бұған куә ету болса асырап алатын әке мен   шешенің  де жұрт алдында оларды тумады   деп бөлмеу туралы беретін уәдесі, анты. Жұрт алдында жілік ұстану салтй екі   жағынан да бала аяу, бала беру ісіне ризашылығын білдіру.

ә

Ер баланы ашамайға   мінгізу.

Ер балаларды жілік   ұстауға қосымша ашамайға мінгізу жорасы да бар. Өйткені баланы бауырға салу   көбінесе оның 5-6жасар кезінде болады. Бұл кезде баланың атқа мініп үйренетін   кезі. Әрине тым жақын туыстар арасында балалары есейіп қалған кезде де бола   береді. Ал бөтен елден алғанда болса мүмкіндігінше жастау болу керек.

2.

Сүндет тойды   өткізетін күнді белгілеу.

Қалыптасқан дәстүр   бойынша ата – бабаларымыз ер балаларын 5.7-не 9-жасында сүндетке отырғызады.   Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алдын – ала белгіленеді.

а.

Қонақтарды тойға   шақыру.

Тойға қонақтарды   баланың өзі шақырады. Оның бауырсақ пен кәмипт толтырылған қоржынынанат басын   тіреген үй иесі дәм татады да түсті матаны жыртып, бала мінген жорғаның   жалына байлайды.

ә.

Сәрсенбі күні   баланы сүндетке отырғызу.

Сәрсенбінің сәтті   күні баланы сүндетке отырғызады. Тойға келген адамдар «сүндетің қабыл   болсын!»деп, баланың айналасына жеміс – жидек пен тәтті дәмдер толтырылады.

 

 

Бала тәрбиелеу дәстүрлері.

 

Бала тәрбиелеудегі

салт – дәстүрлер.

   

           Түсінік.

1.

Құрсақ шашу.

Жүкті болған   келіннің енсі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді.олар өз үйлерінен бір –бір   дәм пісірп әкеледі. Оның себебі –келіннің жерік болып жүрген асын тауып беру.

2.

Жарыс қазан.

Толғата бастаған   келіннің енсі қыстай сақтаған жылы –жұмсағын қазанға салып, «жарыс қазан»асу   қамына кіріседі. Бұл келін тез босансын деген ниеттен туған ырым.

3.

Шілдехана.

Жаңа туған   нәрестені әртүрлі «жын -шайтан», «перілердің»салқынынан, қорғап, күзету үшін.

4.

Сүйінші.

Немерелері болған   әже сүйінші сұратып жас балалар мен келіндерін жан –жаққа жібереді.

5.

Балаға ат қою.

Нәрестеге үш күннен   қалмай ат қойылады.

6.

Бесік тойы.

Кіндігі түскен   баланы бес күннен кейін бесікке салады.

7.

Баланы қырқынан   шығару.

Қырық күн толғаннан   соң  нәрестенің «сүт тырнағы»мен «қарын   шашы»алып, теңгелер салған су құйып, шомылдырады.

8.

Тұсаукесер тойы.

Сәби жүре бастаған   кезде ата –анасы «балам тез жүріп кетсін»деген оймен жасалады.

9.

Тілашар тойы.

Бүлдіршіннің тілі   жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кезде,шығуы үшін дәстүрлі   «тілашар»тойы ырымын жасайды.

10.

Атқа мінгізу тойы.

Баланың буыны   бекіп, ат үстінде өзін -өзі ұстап отыра алатындай жағдайға жеткенде ашамай   ерге мінгізіп үйретеді.

11.

Сүндет тойы.

Ер балаларды 5-7   -не 9жасында сүндетке отырғызады.

12.

Тоқым қағар.

Бала бірінші рет   үйінен алысқа жолаушылағанда өткізіледі.

 

 

Қыз ұзату дәстүрлері.

 

Қыз ұзатуда орындалатын

салт – дәстүрлер.

 

Түсінік.

1.

Күйеу келген соң,   қалыңдыққа пен жігітке арналған ақ отау тігу.

Ақ отауды тігу   үстінде мынадай дәстүрлі рәсімдер орындалады;

1. құдай жолы;         6. түндік жабар;

2.кереге   керер;         7. үзік жабар;

3. шаңырақ көтерер;   8. бау – шу байлар;

4.уық шаншыр;         9. отау байғазысы;

5.туырлық   жабар;     10.мойын ұсынар;

2.

Отауға түсу.

Түн ортасы ауа   күйеу жігіттің ақ отауда оңаша кездесуі «отауға түсу»деп аталады. Қыз   жеңгелері қалыңдыққа ен күйеуге ақ шүберек (неке жаулық)салып, тілеуін тілеп,   екі жасты бөлек қалдырған. Қалыңдық пәктігін жоғалтпаса онда жеңгелері   сүйінші сұраған.

3.

Тойға шақыру.

Той басталардан екі   күн бұрын жан – жаққа шақырушылар жіберіледі, алыстағы ағайындылар екі – үш   ай бұрын хабардар болады.

4.

Қыздар мен жігіттер   арасындағы айтыс.

Жастар қараңғы   түсісімен – ақ киіз үйдің іргесін түріп тастап қыздар іште, жігіттер сыртта   тұрып, қызу айтысты бастаған жеңілген жақ уақ – түйекпен бір тоғыз төлеген.

5.

Сыбағалы табақтарды   тарту. Балуандар күресі, көкпар, ат бәйгесі, түрлі ойындар.

Ең үлкен жүлде ат   бәйгесіне беріледі. Бірінші бәйгеге түйе бастатқан тоғыз. Екінші бәйге ат   бастатқан  тоғыз.

 

 

Тілашар тойы.

 

Тілашарда орындалатын

салт – дәстүрлер.

 

Түсінік.

1.

Ауылдың ділмар,   шешен ақсақал қарияларын шақыру.

Бүлдіршіннің тілі   жеке –жеке сөздерді айтуға икемделе бастаған кеде тілі тез шығу үшін дәстүрлі   «тілашар тойы»жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, қариялары арнайы   шақырылады.

2.

Балаға қойдың тілін   жегізу.

Олар «Тілің тез   шықсын!»деп, сәбиге қойдың тілін жегізеді, қой ішігемен буындырып тұрып,   «Сөлейсің бе?» деп үш рет «сөйлеймін»деген уәде алады.

3.

Ақсақалдардың ақ   батасын алу.

Осыдан соң   ақсақалдар «Сандуғаштай сайрап кет!», «Жиреншедей көсем бол, Жәнібектей көсем   бол!»деген секілді ақ баталарын беріп тарқасады.

 

 

Тұсау кесер тойы.

 

Тұсаукесер тойының

салт –дәстүрлері.

     

                   Түсінік.

1.

Тұсаукесер күнін белгілеп,   қонақтарды шақыру.

Сәби «тәй   –тәйлап»жүре бастағанда өткізіледі. Алдымен тұсаукесер күні белгіленіп,   арнайы қонақтар шақырылады. Бұл күні кейбір ауқатты адамдар көкпар да   тартқызып, арты думанды тойға да ұласып кетуі ғажап емес.

2.

Көпшілік арасында   баланың тұсауын кесетін адамды таңдап алу.

Жиналған көпшілік   арасынан көбінесе жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін   қағілез, пысық адам таңдалып алынып, нәрестенің тұсаукесерін оған тапсырады.   Тұсау кескен адамға сәбидің тұсауына байланысты, арнайы «тұсаукесер»сыйлығы   беріледі.


Кең дала, таза   ауада жайылған дастархан жанына қазық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап   қою.

Тұсуакесер салты   алдында жиналғандар кең дала, таза ауаға шығып, үсті түрлі тәтті дәмге толы   бала –шағаға арналған дастархан жанына    қазаық қағып, аяғы тұсалған баланы арқандап қояды. 

4.

Балаларда жаяу   жарысқа жіберу.

Тойдың негізгі   жанкүйерлері балалар алыстан жаяу жарысқа жіберіледі, қай озып келгені   арқанды қиып, барлық дастархандағы дәмге ие болады, оған арнайы сыйлық   беріледі.

5.

Баланың тұсауын   кесу.

Бұдан соң «Жүйрік   бол!», «Шауып кет!» т.б. тілектер айта отрып, екі қолынан екі адма жетектеген   баланың тұсауын таңдалып алынған адам ала жіппен кесіп жібереді. Тұсауы   кесілген соң, сәбиді екі адам ортаға алып шығып, тез – тез жүргізеді. Осы   кезде «Тұсаукесер»жыры шырқалады.

 

 

Қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі.

 

Тәрбиелеудегі

салт – дәстүрлер.

 

Түсінік.

1.

Қыз баланың белін   7жасқа келгенде белбеумен буып қою.

Бұрынырақта қызы   жетіге толысымен – ақ аналары белін белбеумен буып қоятын.

2.

12-ге келген соң   қызының төсегіне дәл жуырынының астынан келетіндей етіп қос арқан керу.

Аналары қызының   төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған   ұйықтататын. Сондықтан да  ежелгі қазақ   қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.

3.

Қызды оң жаққа   шығару.

Қызды он екіге   толғанда ата – анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін   көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң жаққа шығару»деп   аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы қосағаны бүркемелеп   тұрған перде «көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге   көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге   байланысты қалыптасқан.

4.

Қыз баланы   ұзатылуына 6ай қалғанда үй тігіп, бір жеңгесімен бөлек шығару.

Қыз баланың   ұзатылуына 6ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір жеңгесімен   бөлек шығарған.  Бұл үй – «доғалаң»деп   аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ   ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.

 

 

Қонақ күту дәстүрі

 

Қонақ күту дәстүріне байланысты аталы сөздер.

 

Түсінік.

1.

«Барымен базар»

Бұрынырақта қызы   жетіге толысымен – ақ аналары белін белбеумен буып қоятын.

2.

«Бөлінбеген енші»

Аналары қызының   төсегіне дәл жауырының астынан келетіндей етіп, қос арқан керіп соған   ұйықтататын. Сондықтан да  ежелгі қазақ   қыздары бұраң бел, аршын төс, сымбатты болып өскен.

3.

«Қырықтың бірі   қыдыр»

Қызды он екіге   толғанда ата – анасы киіз үйдің оң босағасынан орын беріп, оның көрпе төсегін   көлегейлеп шымылдық ілген. Бұл дәстүр ел ішінде «қызын оң жаққа шығару»деп   аталады. Шымылдық ішінде «қыздың үйі»-«қосаға»ал осы қосағаны бүркемелеп   тұрған перде «көсеге»делінеді. Қызы тұрмысқа шыққанда жасауымен бірге   көсегесін де ала кетеді. «Көсегең көгерсін»деген тілек сөз осы дәстүрге   байланысты қалыптасқан.

4.

«Қонақты қуа берсен   ,

құт қашады»

Қыз баланың   ұзатылуына 6ай қалғанда жеке үй тігіліп, қызын сол отауға бір жеңгесімен   бөлек шығарған.  Бұл үй – «доғалаң»деп   аталған. Бойжеткен осы үйде ерте тұрып, кеш жатып, өз алдына қазан – ошақ   ұстап қонақ қабылдап, үй тіршілігн атқарып, отбасылық өмірге үйрене бастаған.

 

5

«Өз үйіңде таудай   дауынды айтпа»

Қонақ үй иесінің   қамқорлығында болу керек.Қонақ боп отырған адам ол үйдің жауы болса да, өз   үйінде оған өзі түгелі,басқаға да қиянат жасатпайды

6

«Қонақ таңдап   қонады»

Жолаушы қонаға   келіп қалғанда қонақ асы беруден қысылмайтын үйге түседі.

7

«Түскенше қонақ   ұялады, түскен соң,үй иесі ұялады»

Қонған қонақты күту   міндеті үй иесіне түседі

8

«Қонақ қойдан да   жуас ,май берсе де жей береді»

Қонақ та тамақ   келген кезде сыпайылық танытады

9

«Асың барда ел таны   беріп жүріп,атың барда жер таны желіп жүріп»

Ер азаматқа үйінде   отыра бермей,ел көр,жер көр, кәсіп ет деп кеңес береді

10

«Адам болар бала   қонаққа үйір»

Қонақ әңгімесіне   балалар әрқашан құмар болады.

 

Қой сою дәстүрі.

 

Қай союда   орындалатын

салт – дәстүрлер.

    

        Түсінік.

1.

Сойылатын қойды   таңдау.

Сойылатын қой   пышаққа жарамды семіз болуы керек. Буаз қой сойылмайды, өсімге қалдырылады.   Көбіне қоңы жарамды қартаң қой таңдалады.

2.

Таңдалып алынған   қойды қонаққа көрсетіп, бата сұрау.

Сояр қой таңдалып,   іріктеліп алынғаннан кейін үй иесі ақ адал –малын қонгағына көрсетіп бата   сұрайды.

3.

Қысапшы пышағын, үй   дайындау, құманға жылы су құю.

Үй иесі малын   қонағына көрсетіп, оның ризашылығын алып жатқанда қасапшы пышағын сайлап,   құманға жылы су құйып, шаптасын ыңғайлап қояды.

4.

Малды бауыздау.

Малды бауыздау үшін   қан –жын  төгіліп, үйдің маңын шыбын   –шіркей басып кетпеуі үшін малды аулаққа көбіне су жағасына апарып, төрт   аяғын айқастыра  қосып байлайды.  Малдың басын құбылаға (оңтүстік батысқа)   қаратып «бісмілә»деп бауыздауға кіріседі. Содан соң «сенде жазық жоқ, менде   азық жоқ» деп бауыздап жатқан малынан амалсыздан болып жатқан іс екенін айтып   кешірім сұрағандай аяушылық білдіреді.

5.

Қойың аяғын   байлаған жібін шешу, құмандағы сумен қойдың алқымын жуып, бауыздау, қанынан   тазарту, қолын, пышағын жуу.

Бауыздалып жаны   әбден шыққанан кейін қойдың аяғын байлаған жіп шешіліп алынады. Содан кейін   қысапшы құмандағы жылы сумен қойдың    алқымын жуып бауыздау қанынан    тазартады, қолын, пышағын жуады.

6.

Бауыздалған қойдың   екі түрлі тәсілмен сою.

Бауыздалған қой екі   түрлі тәсілмен сойылады. Бірі – төселген шыптаның үстінде жатқызып сою да,   екіншісі артқы екі  тілерсектен ағаш   өткізіп іліп сою (кей жерде асып сою деп аталады)

7.

Қойдың терісін   іреу, түю.

Қойды сою үшін   алдымен терісінен ірейді (түйеді). Іреу деп сыпыруға қолайлы  мүмкіндік жасау үшін белгілі бір тәртіппен   қойдың терісінен бауыр жағынан кесуді айтады.

8.

Бас пен 4сирақты   үйту.

Тері сыпырылмас   бұрын бөлек алынған бас пен сирақ үйтуге жіберіледі.

9.

Терісі сыпырлған   қойдың денесін мүшелеу.


 

Ет мүшелерінің атаулары.

   

Мүше   атауы.

Төрт   түлікте аталуы.

1.

Бас.

Ірі қарада екі шеке

2.

Жақ.

Қой ешкіде тілмен   тұтас жүреді, ірі малдың жағы екіге айырылып, тілі бөлек мүше саналады.

3.

Жақ ет, ұрт ет.

Ірі қараларда бөлек   алынады, көбінесе қуырдаққа пайдалынылады.

4.

Мойын.

Алты буын. Бұл қонаққа,   сыйлы адамдарға арналған табаққа салынбайды.

5.

Мойын ет.

Ірі қарада бөлек   салынып алынатын ет, көбінесе қуырдақ қуырылады.

6.

Бұғана.

Екі жақта үш талдан   алты тал. Мүше орнына салынады.

7.

Қара қабырға.

Алты тал.   Мүшелермен бірге әр уақытта табаққа салына береді.

8.

Сүбе.

Етіменен алынған   алты қабырға. Таңдаулы мүшелердің бірі.

9.

Қазы.

Семіз жылқыдан   20-ға жуық қазы айналдырады, кейбіреуі қабырғасыз, басқа малдың ішегіне   айналдырады.

10.

Төс.

Қыз – күйеулер үшін   таңдаулы мүше.

11.

Төс ет.

Жылқы, сиырда   осылайша айтылады. Көбінесе қуырдақ жасалады.

12.

Төстік.

Қойда осылай   аталады. Терісеімен істікке шаншып отқа қақатап құйқасымен жейді.

13.

Ауыз омыртқа.

Соғым сойған күні   табаққа салынады немесе мал сойған кісіге шикідей беріледі.

14.

Кәрі жілік.

Қолда болады,жілік   мүшелеріне кіреді. Қыз балаға берілмейді.

15.

Ортан жілік.

Жұмыр жілік деп те   аталады.Қолда  болады мүшелік жілік.

16.

Асық жілік.

Санда болады, соңғы   таңдаулы мүше.

17.

Тоқпан жілік.

Санда болады, ең   етті жілік.

18.

Жамбас.

Ірі малдың әр   жамбасын міндетті түрде екіге бөліп асады. Қойдың ешкінің, жамбасы тұтас   асылады. Ең таңдаулы мүше.

19.

Жая.

Жылқының жауыр еті,   оны сүрлейді қақтап кептіруге болады.

20.

Белдеме.

Қой, ешкіде бел   омыртқа, ірі қарада жалпақ омыртқа деп аталады, таңдаулы мүше қатарына   жатады.

21.

Мойын омыртқа.

Отбасының өзі   жейді.

22.

Ұзын омыртқа.

Арқа омыртқа деп те   аталады, сүрленеді, қонаққа салынады.

23.

Жүрек.

Көбінесе қыз   баланың сыбағасы.

24.

Үлпершек.

Жүрек қабына   толтырылған, шұжық тәрізді май, кесек ет.

25.

Бауыр.

Майлы өкпеге қосып   жеуге жақсы. Оны қатырмай пісіреді, қуырады.

26.

Көк бауыр.

Талақ деп те   аталады. Асып та, қуырып та жейді.

27.

Бауыр ет.

Ірі малда бөлек   салынып алынады. Асып қақтап жеуге қуыруға, --------- қосуға пайдаланады.

28.

Бүйрек.

Балалар сыбағасы   саналады.

29.

Ұлтабар.

Ұсақ малдың   таңдаулы, ең майлы мүшесі.

30.

Қата.

Жылқы малының ең   таңдаулы мүшесінің бірі.

31.

Қима.

Сиырдың майымен   айналдырып, шумақтаған тоқ ішегі.

32.

Тоқ ішек.

Тоқ ішектің соңғы   ұшы майлы болады, бірақ қонақтың табағына салынбайды.

33.

Ащы шек.

Өкпе – бауырға   қосып қуырылады.

34.

Желін.

Шап майымен бірге   алынап сүрленеді.

35.

Қарын.

Қойдың етімен бірге   табаққа түседі, қуырылады да, жылқы қарны қарта орныныа да жүреді.

36.

Өкпе.

Қуырдаққа жарамды,   оны пісірерде көп қайнатады, қонақтың табағына салынбайды.

37.

Жал.

Жылқы етінің   таңдаулы мүшесі. Ол көбінесе сүрленеді.

38.

Сирақ.

Қой – ешкінің   (кейде тайыншаның)сирағын үйтеді. Балалар сыбағасы.

39.

Бүйен.

Ертеректе май, ет   тығып өсіп, түйрек, жұмыр дейтін тағамдар жасаған.

Қыз – келіншектер   сыбағасы.

 

 

Еттен табақ тарту  дәстүрі.

 

Жасалатын табақ түрлері.

Табаққа салынатын ет мүшелері.

1.

Бас табақ.

Бас, жамбас   салынады. Басты мал арнайы сойылған қонақтың ең жасы үлкені немесе оның ұсынуы   бойынша басқа бір белді кісі ұстайды.

2.

Сый табақ.

Сый табаққа да бас,   жамбас салынады, сыйлы қонақтың алдына қойылады.

3.

Орта табақ.

Асық жілік, кейде   жамбас та түседі.

4.

Аяқ табақ.

Еттің басқа   мүшелерінен жасалып, ауыл адамдарына қойылады.

5.

Күйеу табақ.

Күйеу табаққа бір   сан жілік пен төс аслынады.

6.

Келін   табақ.(беташар табағы)

Келін табаққа   ұлтабар және жүрек салынады.

7.

Қыздар табағы.

Қыздар табағына   жүрек, бүйрек, жағы мен тіл салынады.

8.

Құдағайлар табағы.

Құдағайлар   табағында жамбас немесе асық жілік пен сүбе болады.

9.

Жерік асының   табағы.

Екі қабат әйелдерге   арнап мал сойып, тамақ жасап жерік асын апарған. Жерік асының табағына кексе   әйел болса жамбас, жас әйел болса асық жілік, төс, ұлтабар салынып үстіне   жаңа соғылған болат кездік(пышақ)салып апару салты болған.

 

Ұлттық тағамдар.

 

Түрлері.

    Атауы.

І.

Сүт тағамдары.

1.Айран.                 5.Сүзбе.

2.Қаймақ.               6.Сүт.

3.Құрт.                    7.Шұбат.

4.Қымыз.                 8.Ірімшік.

ІІ.

Ет тағамдары.

1.Әсіп.                      11.Ет қошын.

2.Бас.                        12.Қазы. 

3.Борша –   кіме.       13.Қарта.

4.Бұжығы.                14.Қимай.

5.Бітеу.                     15. Қуырдақ.  

6.Жал.                       16.Қыранбөрте.  

7.Жау – жұмыр.       17.Мипалау.

8.Жая.                       18.Сырбаз.

9.Жөргем.                 19.Үлпершек.

10.Ет.                        20. Шұжық.

ІІІ.

Сорпа тағамдары.

1.Жас сорпа.   2.Кәкірім.3.Қалжа.4.Тармы.5.Нарын.

IV.

Ұн тағамдары.

1.Бауырсақ.             4.Быламық.

2.Бөкпен.                 5.Жайма.

3.Бүкпелер.              6.Нан.

V.

Дән тағамдары.

1.Боза.                      5.Палау.

2.Бадырақ.               6.Сүркүріш. 

3.Жарма.                  7.Талқан.

4.Майсөк.                 8.Тары көже.

 

 

 

 

 

Қазақ халқының  дәстүрлі қолөнері.

 

Дәстүрлі  қолөнер түрлері.

1. Ағаштан бұйымдар жасау.

2. Жүннен бұйымдар жасау.

3. Арқан жіп бесу.

4. Киіз басу.

5. Киізден бұйымдар жасау.

6. Киім тоқу.

7. Теріден бұйымдар жасау.

8. Сүйктен, тұяқтан және мүйізден бұйымдар жасау.

9. Металдан бұйымдар жасау.

10. Зергерлік.

11. Тасатан, қыштан бұйымдар жасау.

12. Ши тоқу.

13. Ер – тұрман жасау.

14. Кесте тігу.

15. Киім тігу.

16. Аяқ киім тігу.

17. Сабын жасау.

18. Бояу жасау.

Ағашатан жасалатын бұйым түрлері.

1. Киіз үй сүйегі.

2. Киіз үй жиһаздары.

3. Ыдыс – аяқтар.

4. Сазгерлік аспаптар.

5. Мал шаруашылығында қолданылатын құрал – жабдықтар.

6. Егіншілікте қолданылатын құрал – жабдықтар.

7. Аң аулауда қолданылатын құрал – жабдықтар

8. Тұрмыста қолданылатын құрал – жабдықтар

9. Ойын жабдықтары.

10. Бесік.

Киіз үй атаулары.

1. Абылайша. Керегесіз, уықтан тігінен шағын киіз үй.

2.  Ақ шаңқан үй.  Сүттен ақ , аппақ киіз үй.

3. Ақтағыр.   Екі қанатты, екі үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

4. Жаппа үй. Уыққа киіз жауып, уақытша тігілген шошақ үй.

5. Қара құрым үй. Киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

6.

7. Қара үй. Киіз үйді кейбір жерде қара үй деп аталады.

8. Қараша үй. Қоңыр түсті, жыртық, тесік, ескі үй.

9. Орда. Еңселі, салтанатты киіз үй.

10.Отау.  Ұлға енші беріп, бөлек шығарған киіз үй.

11.Тоңқайма. бірнеше уықпен ғана көтерген киіз үй.

12. Ұраңқай. Уық тірізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген үй.

 

 

               

Киіз үйдің сүйегі.

 

№1.

2.Сүйегінің   бөліктері.

3. Құрамдас   бөлшектерінің атауы.

 

 

1.

 

 

Шаңырақ.

1.Бақалақ.

2. Күлдіреуіш.

3. Қаламдық.

4. Табақ.

5. Тарам.

6. Тоғын.

 

 

2.

 

Уық.

1. Қалам.

2.Қары.

3. Иін.

4.Уық бау.

 

3.

 

Кереге.

1. Балашық.

2. Ерісі.

3. Желі.

4. Көк.

5. Қанат.

6. Сағанақ.

 

4.

 

Сықырлауық.

1.Босаға.

2. Жарма бет.

3. Маңдайша.

4. Табалдырық.

 

 

Киіз үй жиһаздары.

 

1. Абажа. Ас, та,ғам салуға, арналып жасалған сандықтың (кебеженің)үлкен түрі.

2. Абдыра. Киім – кешек, әр түрлі бұйымдар салатын үлкен сандық.

3. Ағаш төсек. Жату үшін пайдаланылатын үй жиһазы.

4. Адалбақан. Киім және тағы басқа үй мүліктерін ішуге арналған жиһаз.

5. Асадал. Тамақ пен ыдыс – аяқ сақтауға арналған үй жиһазы.

6. Бөгіре. Кішкене қол сандық (шай жабдықтары үшін).

7. Жағылан. Былғарыдан істелген сандық.

8. Жозы. Жерге отырып, тамақ ішуге арналған аласа үстел.

9.Жүкаяқ. Жүк астына қоятын төрт аяқты бұйым.

10.Кебеже. Ас, тағам салуға арналып, ағаштан жасалған үлкен сандық.

11. Сандық. Әр түрлі  бұйым салуға арналып, ағаштан не металдан жасалатын үй жиһазы.

 Киіз үй жабдықтары.

 

1.Аяқбау. Көшер кезде уықтардың аяқ жағын буып байлайтын жіп.

2. Бақан.  Киіз үй тіккенде, шаңырақ көтеруге, үзіктер мен түніктерді көтеріп жабуға керекті ашалы ағаш.

3.Бас арқан. Киіз үйді желден, дауылдан сақтау үшін, туырлықты бастыра, қазықтарға байлапйтын ұзын арқан.

4.Басар. Қатты жел тұрғанда, киіз үйдің үстінен бастыра, қазықтарға байлайтын ұзын арқан.

5.Басқұр. Керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра  байлайтын жалпақ бау.

6. Белбеу. Киіз үйдің туырлығын кереге бастыра тартатын ұзын арқан.

7.  Белдеу. Туырлықты айналдыра  буатын арқан.

8. Дөдеге. Сән үшін үзәіктің шетіне айналдыра бастыратын өрнектелген киіз.

9. Жел арқан.Киіз үйдің жел жағына байлайтын арқан.

10.Жалбау. Дауылды жел болғанда, шаңырақты тартып, байлайтын бау.

11. Құр. Киіз үйдің керегелері менуықтарын және үзіктің ішкі жағын байлайтын ені 2-3елідей тоқып немесе есіп жасалған жалпақтау бау.

12.Тегеріш. Киіз үй керегесі, уығын сыртынан қысып, айналдыра ұстайтын әрі сәндік қызметін атқаратын жалпақ бау.

13.Туырлық. Уықтың орта тұсынан керегенің үстін жабатын киіз.

14.Түндік. Киіз үйдің шаңырағын жабатын киіз.

15.Уыққап.Көшкенде, сынбас үшін, уықтардың екі басына кигізілетін киіз.

16.Үзік. Уықтың үстіне жабылатын киіз.

 

  Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отыратын өте қолайлы және төзімді баспанасы. Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Көлеміне және сыртқы кейпіне қарай әр түрлі болып келеді.

   Киіз үйдің негізгі қаңқасы – киіз үйдің сүйегі деп аталады. Олар: кереге, уық, шаңырақ есік немесе сықырлауық.  Бұл сүйекткрі көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыннан немесе теректен жасалады. Киіз үй жасаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Оны тек шебер – үйші жасайды.

   Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі екі метрдей болады. Кергенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбйе береді. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен.

     Осыдан кейін шаңырақты көтереді. Қазақтың өмірінде шаңырақтыңмаңызызор.   Шаңырақ – үй,әулет мағынасында  да пайдалаылады.  Оны «қра шаңырақ»

дп атайды.  Ұл бала әке шаңырағының иесі,мұрагері болып саналады. Киіз үйдің басқа сүйектері ескірсе, жаңартады, ал шаңырақты жаңартпайды. Әдетте шаңырақты үй иесі, ер адам көтереді.  Үлкен киіз үйлердің шаңырағын ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Бақан – ір ұшын екі аша етіп жасаған екі сырық.  Сонан соң уықтарды шаншыған. Уықтардың кереге басына  байланатын жағы жалпақтау болып келеді. Және сол жерді тесіп бау өткізеді., оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық, пен кереге басын біріктіріп байлайды. Шаншылып біткен уықтың сыртынан айналдыра  құмен  шамалап таңады.

   Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен  маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.

  Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып – жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып – жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.

  Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты  кереге керіп ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік кереге  басынан шаңырақ шеңбаріне дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік – үзік киізден тұрады. 

 

  Түндік – шаңырақты, киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Түндік арнаулы бояу арқылы оңай ашылып – жабылады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ  теріден жасалады. Ол шыршықтап түріп қоюға  ыңғайлы.

   Киіз үйдің іші екіге бөлінеді.  Олар: төр жақ (төрдің оң жағы, сол жағы) есік жақ (оң босаға, сол босаға). Қазақ халқы киіз үйдің ішін әсемдеп безендірген.  Желбау -өрнекті, төгілме шашақты  құр, шаңыраққа үш жерден  байланып, кереге асылады. Ол киіз үйге сәндік – жиһаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Әдетте, үйдің оң жағына ағаш төсек орнатылып, оның тұсына түскиіз ұстап, шымылдық құрады. Төрге жүкаяқ, оның үстіне абдыра (сандық)қояды.

    Абдыраға көрпе – жастық тағы басқа жүктерді жинайды. Үйдің сол жағына тамақ салатын кебеже, қазан – аяқ салатын аяққап, ыдыс – аяқтар (саба, торсық, ожау, кесе, тостақ және т.б.)қойылады да, осы араны шым шимен қоршап жабады. Бұл «ас-су бұрышы» деп есептелінеді.

Ал, үйдің ортасына тамақ асатын ошақ (таған)немесе темір пеш орнатып қояды. Киіз үйді осылай әр отбасы өз қалауларынша безендіріп, жабдықтаған. Жабыдқталған үйдің сәнді, әдемі болуы үй иелеріне байланысты.

 

Үш санындағы ұшқыр ой

 Үш жұрт.

1.     Ағайын жұрт.   2. Нағашы жұрт    3. Қайын жұрт

 Үш байлық.

    Брінші байлық –денсаулық. Екінші байлық –ақ жаулық. Үшінші байлық – он саулық.

 Үш би.

1.     Үйсін Төле би.  2. Арғын Қаз дауысты Қазыбек би. 3. Алшын Әйтеке би.

 Үш дана.

1.     Абай  2. Шоқан  3. Ыбырай.

 Үш қат.

1.     Жоғары қат (аспан)  2. Орта қат. (жер үсті)  3. Төменгі қат (жер асты)

 Үш қуат.

1.     Ақыл қуат. 2. Жүрек қуат. 3. Тіл қуат.

Үш ғайып.

1. Ажал ғайып. 2. Қонақ ғайып. 3. Несібе ғайып.

 Үш арсыз.

1.Ұйқы арсыз. 2.Тмақ арсыз. 3. Күлкі арсыз.

Үш дауасыз.

1.     Мінез.  2. Кәрілік.  3. Ажал.

Үш қадірлі.

1. Ырыс.  2. Бақ.  3. Дәулет.

Үш қадірсіз.

 Адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың қадірін білмейді.

Үш жамандық.

1.Нақақ қан төгу. 2. Кісі малын нақақ алу. 3.Ата – бабаның көзі – ескі жұртты бұзу.,.

Үш жақын.

1.     Жан тәтті. 2. Бала тәтті.  3. Жар тәтті.

Үш ақиқат..

2.     1. Қымбат – шындық, арзан - өтірік, дауасыз – кәрілік.

 Үш қуаныш.

1.     Алғыс алу.2. Өзіңді көптің іздеуі. 3. Ісіңнің өшпеуі.

  Үш биік.

1.     Билік.  2. Дәулет.  3. Даналық.

 Үш асыл.

1. Көз.  2. Тіл  3. Көңіл.

  Үш артық.

1.     Адалдық. 2. Еңбексүгіштік. 3. Өнерпаздық.

 Үш ынтық.

1.     Еркін өмір.  2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету.

 Үш тұл.

1.     Қайратсыз ашу тұл.  2. Тұрлаусыз ғашық тұл.  3. Шәкіртсіз ғалым тұл.

Үш апат.

1.     Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. Асты ысырап ету.

Үш кедейлік.

1.     Кежірлік.  2. Еріншектік.  3. Ұйқы.

Үш кемдік.

1.     Надандық.  2. Еріншектік.   3. Зұлымдық.

Үш бақытсыздық.

     1.Жаман ат  2. Жаман қатын.  3. Жаман көрші.

 Үш көз.

     1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ.  3. Сөз анасы – құлақ.

 Үш тоқтам.

      1.Ақыл – арқан.   2.Ой - өріс.3. Адам – қазық.

 Үш қасиет.

1.     Өліде – аруақ.

2.      Малда – кие.

3.      Аста – кепиет.

 Үш тағлым.

   1.Мейірім сауап.

   2 Жақсылықтан -  шарапат.

   3 Жамандықтан -  кесапат

Ашық сабақ. Ағылшын тілі. Is sport exciting or dangerous?
Ашық сабақ. Ағылшын тілі. Technical progress
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу