Тәрбие сағат: Мейірімділік - асыл қасиет

Oinet.kz 07-09-2020 2040

Сабақтың тақырыбы: Мейірімділік - асыл қасиет

Сабақтың мақсаты:

- Мейірімділік туралы түсінік беру.

- Күнделікті өмірде осы қасиеттерді қолдануға үйрену.

- Балалардың бойындағы адамгершілік қасиетін дамыту.

Сабақтың әдісі: әңгімелесу, түсіндіру, оқулық және дәптермен жұмыс, ойын, сұрақ – жауап, интерактивті әдіс.

Құрал – жабдықтар: Оқулық, дәптер, түрлі түсті суреттер.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері.

Балалар сіздерді сағынғандықтан, бүгінгі кездесуімізге асықтым. Кәнекей, тезірек өзімізден шаттық шеңберімізге тұрып, бір – бірімізді қарсы алайық.

Шақырып біз шеңберге,

Дейміз: айтып балалар.

Жан жетпейді сендерге,

Сәлем жарқын балалар!

Тыныштық сәті.

Күй сазымен мейірімділік туралы әңгіме тыңдау.

«Мазасыз балапан».

Бір мазасыз балапан өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол апасынан «Мейірімділік деген не?» деп сұрапты. «Сен әлі кішкентайсың, өскеннен кейін түсінесің» - деді анасы. Бірақ балапан шыдамсыз еді. Ол жауапты тезірек білгісі келіп жолға шығады. Жолда ол жылап жүрген ешкіні кездестіреді, ол балапаннан жоғалып кеткен лағын тауып алуға көмектесуін сұрайды. «Менде уақыт жоқ – деді балапан, мен мейірімділіктің не екенін білуім керек» - дейді де одан әрі қарай жүріп кетеді. Шалғайдан қыз баланы кездестіреді, ол ағашқа ілініп қалған шарды ала алмай жүреді. «Балапан, балапан маған шарды алуға көмектесіп жіберші» - деп сұрайды қыз. «Менде уақыт жоқ, - деді балапан, - мен мейірімділіктің не екенін білгім келеді». Ал мен білемін.

Менің анам әрдайым қайырымды адамдар туралы әңгіме айтады.«Маған да айтшы»- деді балапан. «Бірінші шарды» алып бер. Балапан ұшып барып шарды алып береді. Мінекей сен қайырымды іс істедің. Мейірімділік деген осы. «Қандай оңай?»- деп таң қалды балапан.

Талдау.

А. Мейірімділік деген не?

Б. Неге мейірімділік болу керек?

В. Қалай мейірімді болуға болады?

Әңгімелесейік.

Мейірімділік – ол басқалардың игілігіне қамқор болу. Қайырымды болу жердегінің бәріне қамқорлық жасау дегенді білдіреді.

Мейірімділік адамдармен, табиғат және жан – жануарлармен қарым – қатынаста байқалады. Мейірімді болу деген адамдарға қамқорлық жасау және де қоршаған ортаға өзіңе жасағаннан артық болмаса, кем қамқорлық жасамау.

Оқулықпен жұмыс

«Мейірімді бала» Ы. Алтынсарин.

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойнына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай ісінен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны біреуге тұрғанда, күнәлі төренің жас қыз баласы әкем үшін жауап беремін деп жүгіріп келді. Қызды патшаға алып келген кезде: - Тақсыр патшам, - деді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, сол үшін қолынан айырылуы керек болды. Мінекей тақсыр, әкемнің қолы деп, - деп өзінің қолын көтереді. Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, - бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдырыңыз.

Патша баланың атасына мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті, - деді.

Талдау.

- Баланы қандай бала деп атауға болады.

Сергіту сәті.

«Балапан» әнін айтқызу.

Қанаттарың қатайып, аяқтарың бекініп,

Менің балапандарым, өстіңдер ме жетіліп,

Ұзап кетпей алысқа, жүріңдерші жанымада,

Жоғалып – ап сендерді, қалмайыншы өкініп.

Аппақ - аппақ балапан,

Сары қанат - балапан

Ақ қанатты - балапан.

Қоңыр қанат - балапан.

Шақырғанда жаныма,

Келіңдерші балапан.

Қалып қоймай соңымнан,

Еріңдерші балапан!

Ойын «Қуаныш» тренингі.

Топ мүшелері жұптасып тұрады, бір – біріне қуаныш сәтін қимылмен көрсете отырып, сыйлайды. Мейірімді қуаныш барлығын қуанышқа бөлейді.

Дәптермен жұмыс.

Сөз жүзінде ғана емес, шынымен мейірімді болыңдар.

1. Жамандық та, жақсылық та өз ісіңнен басталады.

2. Не дер екен мейірімді мол кісі,

Мейірбандық - кісіліктің үлгісі.

Ж. Баласағұн.

3. Жылы сөз жүректен шығады.

4. Жақсы сөз - жанның жарығы.

1 – тапсырма.

Мақал - мәтелдер мен дәйексөздерді мұқият оқыңыз. Қандай ой салады?

Осы тақырып бойынша өзіңіз тағы қандай мақалдарды білесіз?

2 – тапсырма. Тексеру тесті.

Жетістікке жету қадамдары ( мынадай адамдарды мейірімді деуге бола ма? Балалар «Ия» не «Жоқ» деп жауабын жазыңдар )

А. Қыста құстарға ұя жасаса;

Б. әрқашан кімге көмек керек екенін сезініп жүрсе;

В. Резеңке тартып құстарды атпа;

Г. Мамасына кішкентай сіңлісін күтуге көмектессе;

Д. Қиын сәттерде көмектессе;

Е. Күнде кәрі әжесі үшін дүкенге барса;

Жағдаяттарды талдау.

А. Сенің анаң жұмыстан шаршап келді. Сен қайырымды болсаң не істер едің?

Ә. Даладан сен қанаты сынған құс көрдің, сен мейірімді болсаң не істер едің?

Б. Көшеде саған өте кәрі атай кездесіп, сенен дәріханаға дейін шығарып салуын сұрады. Егер сен мейірімді болса не істейсің?

Үйге тапсырма.

Р. «Кемпірқосақ» және Ы. Алтынсариннің « Мейірімді бала» мұқият оқыңдар.

« Жүректен - жүрекке» - шеңберінде.

Әркімнің сүйікті жануары болады, тума - туыстары ыстық көрінеді. Олар да біздің мейірімімізді, жүрек жылуымызды қажет етеді екен.

Кішкентай жүректеріңізден шыққан мейірімділік істеріңді айтып шығыңыз. (Мыс: Мен мейірімдімін. Мен барлық адамдар мен жан – жануарларға қайырымдылық жасаймын. Мен қолымнан келгенше басқаларға көмектесемін....)

Қорытынды.

Балалармен «Мазасыз балапан» көрінісін дайындау.

Ғабиден Қожахмет. Ұзатып ақ тілекпен ерке құсын, жадында қыздарының жүреді Әке
Бастауыш сыныппен қоштасу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу