Күләш Ахметова өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 07-10-2017 954

Күләш Ахметова - Талапкерге

Арманыңда, жаныңда жалын ән бар,
Жас талапкер, сөзіме көңіл аудар
Бұрынғыдай күтпейді мектеп сені,
Бұрынғыдай соғылмас қоңыраулар.

Мектеп қайта есігін ашпас енді,
Өмір – ұстаз, ақылды, ақ шаш өңді.
Басқаша енді үйретер бар сабағын,
Қоңыраулар соғылар басқаша енді.

Былтырғыдан басқаша биыл демек,
Білімің мен ақылың, күйің бөлек,
Енді басқа жиын - той, киім керек,
Енді саған шынайы сүю керек.

Сұрақ басқа оп - оңай шешілмейді,
Жаса қанша тентектік, есір, мейлі.
Мектептегі мұғалім кешіргенмен,
Өмір - қатал, ол күнде кешірмейді.

Даусыз ол күн есіңде сақталары,
Жазылмаған өмірдің ақ парағы,
Жаңа дастан күтеді, жазуыңды
Күтпейді тек кластың тақталары.
Енді сені күтеді барлық жолдар,
Күтпейді тек мектептің парталары.

Кездеседі дауыл да, дабыл да көп,
Дамылдама, қаймықпа, қабылда кеп.
Үлкен ойдан үлкен іс туар, ойлан,
Болашақтың тағдыры қолымда деп.

Уақыт та емтихан алар,
Ол сын қорқыта алмас.
Көңілге сенім қонсын.
Жас талапкер, билет ал тәуекел деп.
Емтиханда, өмірде жолың болсын.

1-қазан қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Сабақ жоспары. Алгебра. 7 сынып. Бірмүшені көпмүшеге көбейту
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу