Ашық сабақ: Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Тақырыбы: Атмосфераның құрамы мен құрылымы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға атмосфераны, оның бізді қоршап тұрған газ қабығы екендігін және оның құрамы мен құрылысын түсіндіру.
Білімділігі: Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру. Жердің ауа қабат – Атмосфера туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылығы: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
Тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Халықтық Этнопедагогика элементтері арқылы ұлттық сана - сезімдерін ояту.
Сабақ түрі: Ашық сабақ
Құрал - жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, оқулық, шар, стакан, су, бағалау парағы, суреттер, кескін карта.
Әдіс - тәсілдер: СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ - ны пайдалану, жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, мақал - мәтел, халықтық болжамдар айту, жұмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру сәті: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру. Оқушыларды төрт топқа бөліп, назарларын сабаққа аудару)
Психологиялық дайындық
Әрбір адам:
Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ:
Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің:
Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің:
Шындық, бірлік, адалдық
Топқа бөлу: «Адасқан әріптер»
Термометр
Барометр
Үй тапсырмасы: Жабық тест
Жаңа сабақты жұмбақ жасыру арқылы табу.
Ұстасаң, қолға ілінбес
Қарасаң көзге түспес
ІІ. Жаңа сабақ
Видео сабақ жіберіледі
Атмосфера — жердің ауа қабығы. Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте - бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабатын тропосфера деп атайды. Тропосферада бұлт, жауын - шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады. Тропосферадан жоғары 75 км биіктікке дейінгі қабат стратосфера деп аталады. Бұдан жоғары ионосфера қабаты орналасады.
Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5 - 1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң - тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.
Шамамен 100 км - ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%- ға жуық (оның 0, 93%- ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0, 03%- ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200 — 1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра - күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км - ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.
Атмосфера құрамындағы өрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай - ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25 — 30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра - күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т. б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту
Шеңберлі ақпарат (оқушылар бүгінгі сабақты постерге түсіреді)
Ойлан еске сақта!
Атмосфера қабаттары Биіктік, км
Сергіту сәті
Полиглот. Оқушылар жасырылған сұрақтың жауабын тауын, оның ағылшынша, орысша айтылуын табу
«Пошта» ойыны. Оқушыларға тәжірибе жасау
Ауаны өмірде қалай байқаймыз?
Бұл қандай газ?
Сұрақтар жасырылады
Венн диаграммасы
Ауаның пайдасы
Ауаның қасиеті
Ауаның ластануы
Бағалау парағы беріледі, оқушылар толтырады
Рефлексия
Слайдта көрсетілген аралдар суретіне қолдарындағы стикерге сабақтан алған әсерлерін жазып, қалаған аралына жабыстыру.
Ауызша сұрақтарға жауап алу: «Миға шабуыл»
Өнеркәсіп орындарының табиғатқа әкелетін залалы қандай?
Не себепті қала мен орманда ауаның құрамы біркелкі емес?
Ауа қандай жағдайлардан ластанады?
Ауаны ластамау үшін қандай шара қолданар едіңіздер?
Ауаның құрамында не бар? криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары
Улы түтін дегеніміз не? Әртүрлі шаң тозаңдардың қоспасы
Көміртегімен қоректенетін не? Өсімдік
Үйге тапсырма: «Атмосфераның ластану себептері және қорғау шаралары» туралы эссе жазып келу.