Қожабаевты қандай жаза күтіп тұр?
12-06-2023
Бір күні Қожанасыр жолаушылап жүріп, сол маңды билеп тұрған ханмен кездесе қалыпты. Хан отырып: - Менің Алмашұбар деген атым бар, шапқанда көз ілеспейді, - деп мақтанады. - Менің асыл текті есегім бар. Ақырса даусы айшылық жерге жетеді, - дейді Қожанасыр. - Мен ақырғанымда қызметші нөкерлерім: «Құдіретті ханымыздың дауысы арыстанның ақырғанынан да күшті», - деуші еді, сенің есегің менен де қатты ақыра ма? – дейді хан. - Тақсыр, сіздің ақырғаныңызды естіген жоқ едім. Айқайлаңызшы, көрейін, -дейді Қожанасыр.
Хан тамағын қырнап-қырнап алып, айқайлап қоя беріпті. Сонда Қожанасыр: - Тақсыр, шынында да, өзіңіз менің есегімдей екенсіз, - депті.