Сәбит Мұқанов туралы шығарма
Сәбит Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, ақын, қоғам қайраткері. 1900 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданында дүниеге келген. Сәбит жастайынан ата-анасынан жетім қалып, ағасы Мұстафаның қолында тәрбиеленеді. Жоқшылықтын зардабын көрген ол кішкентайынан әркімнің есігінде отыншы, сушы, жылқышы сынды жұмыстарды істеп жүрген. Оқуға құмар бала өз бетінше ауыл молдасынан хат танып, сауат аша бастайды. Бұрыннан кел жатқан хисса-дастандарды, жырларды жатқа біліп айтып жүрді.
1918 жылы Омбы қаласындағы мұғалімдер курсына оқуға түсіп, сонда алғашқы «Көңілім» деген өлеңін жазып шығады. Уақыт өте жазушы қазақ халқының басындағы қиыншылықтарын шығармаларына арқау етеді. Ол қазақ халық ауыз әдебиетін, фольклоры мен ғашықтық жырларын зеріттеп оны халық арасында кең жариялай бастады.
«Ботагөз» - жазушының халық арасында кең танылған романы. Қазақ халқының басынан өткен төңкерісті шебер суреттеп, соны романның өзегі етіп алған. Қазіргі таңда осы романның желісімен театрда қойылымдар қойылады. Жәнеде жазушының «Адасқандар» кейіннен «Мөлдір махаббат» болып өзгертілген, «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз», «Қашқар қызы» сынды көптеген шығармалары халық арасында кеңінен танымал.
Сәбит Мұқановтың шығармалары қазақ әдебиетіне зор серпін беріп, өзіндік үлесін қоса білді. Жазушы өзі бұл өмірден өтседе ұрпағына қалдырған мол мұрасы өшпек емес.