Жылдам оқу дағдысын қалай қалыптастыруға болады?
Көп оқып, мәтінді ұғыну үшін жылдам оқу дағдысын қалыптастырған тиімді. Мәтінді қалай жылдам оқуға болады?
Сурет ашық дереккөзден алынды
Принстон университетінде 1998 жылы жоғары оқу жылдамдығына арналған "PX жобасы" (Project PX) семинары өтті. Бұл мақала-сол семинардан алынған мәліметтерді сақтау және оқуды жеделдетудің жеке тәжірибесінің негізінде дайындалған.
Сонымен, " PX жобасы" - бұл оқу жылдамдығын 386% - ға арттыруға мүмкіндік беретін үш сағаттық когнитивті эксперимент. Ол бес тілде сөйлесіп жүрген адамдардың арасында жүргізілді, тіпті дислексиядан зардап шегетіндер де минутына 10 бет мәтіннен 3 000 сөз оқи білді. Яғни 6 секунд-1 бет. Салыстырмалы деңгейде АҚШ-та 200-300 сөзді 1 минутта оқу-қалыпты.
Ал сіз минутына қанша сөз оқи аласыз? Эксперимент үшін:
●Көлемі 200 беттен кем емес кітап
●Таймер
●Қалам немесе қарындаш
Эксперимент барысы - 20 минут уақыт ішінде мәтін оқыңыз. Назарыңызды кітапқа шоғрландыруға тырысыңыз. Оқу барысында мына кеңестерді қолданып көріңіз!
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мәтін жолын оқығанда мүмкіндігінше аз тоқтау жасаңыз
Біз оқимыз, көздеріміз бірқалыпты емес, секірумен қозғалады. Әрбір осындай секіріс мәтіннің бөлігіне назар аударумен немесе беттің төрттен бір бөлігіне қатысты көзқарасты тоқтатумен аяқталады.
Мәтіндегі көздің әрбір тоқтауы ¼ - тен ½ секундқа дейін созылады.
Мұны сезіну үшін бір көзді жабыңыз және саусақтың ұшымен қабақты оңай қысыңыз, ал екінші көзмен мәтін жолында баяу қозғалуға тырысыңыз. Егер әріптермен емес, тік көлденең сызықпен қозғалса, секірулер әлі анық болады.
Оқыған мәтінді қайта оқымаңыз
Орташа қарқынмен оқитын адам жиі кері қайтады. Бұл саналы және бейсаналық болуы мүмкін. Соңғы жағдайда түсіну концентрациясы жоғалған мәтіндегі орынға көзді қайтарады.Орта есеппен саналы және бейсаналық қайтарымдарға уақыттың 30% дейін кетеді.
Дағдыларды жекелей қалыптастырыңыз
Жылдам оқу мен жылдам түсініп оқу екі түрлі техника арқылы игеріледі. Сіз қазір минутына 150 сөз оқисыз делік. Сіздің межеңіз 300 сөз болғанын қаласағыз, жылдам оқығанда бұл көрсеткіш 600 тіпті 900 болуы керек.
Жиырма минут бойына оқыған бетіңізді есептеп үйреніңіз. Әр қатарда қанша сөз болатыны, бір бетте қанша қатар бар екендігін білу сізге уақыт тиімділігін сыйлайды.
Нәтижеге қол жеткізу үшін әуелі қазіргі жылдамдығыңызды белгілеп алыңыз. Күніне кітап оқуға 1 сағат уақытыңызды арнау арқылы танымыңызды кеңейтуге мол мүмкіндігіңіз бар.
Ажар АХМЕТ
Жібек ИСМАЙЛОВА