«Ұлыңды шайтан түрткен» деді
10-11-2024
1. Отан – қуат,
Отбасы – шуақ
2. Отанын сатқан – ант атқан.
3. Туған жердің жусаны жұпар.
4. Туған жердің түтіні күйесіз.
5. Жерінен ауғанға жеті жыл қоныс жоқ.
6. Туған жердің түйе жейтін жапырағы да,
Түйе аунайтын шаңдақ топырағы да дәрі.
7. Ел аузына елек қойып болмас.
8. Елді іс біріктіреді, сөз бұзады.
9. Елін сатып асаған
Екі-ақ күн жасаған.
10. Елден безген көмусіз қалады.
11. Көшпелі елдің қоры болғанша,
12. Егінші елдің зоры бол.
13. Есептескен ел болмайды.
14. Белің бүгілсе де, елің бүгілмесін.
15. Талқы – елге пайда,
Тамшы – жерге пайда