Демалыс орындарында қауіпсіздік шаралары күшейе түспек

Oinet.kz 26-07-2025 66

 image.png

Енді Төлеби ауданындағы демалыс нысандарында қаііпсіз шаралары күшейе түспек. Сондай-ақ олардың сыртқы архитектуралық келбеті де ретке келтірілетін болады. Бұл өз кезегінде ауданның туризм саласын олан әрі дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға септігін тигізбек. 

 Қазіргі таңда Төлебиде  туризм саласында қызмет көрсететін  Ақмешіт, Біркөлік шатқалдарында, Сайрам-Өгем, Қасқасу, Көксәйек, Төңкеріс елді мекендерінде  орналасқан 254 нысан бар.  Алайда аудан әкімінің айтуынша олардың басым бөлігі ауданда салық төлеуші ретінде тіркелмепті.  Қазіргі таңда осы бағыт бойынша кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары атқарылып жатқан көрінеді. Сондай-ақ демалыс нысандарының сыртқы архитеркуралық көрінісіне де бұдан былай мән берілмек. Туристік аймақтардың потенциалын көтеру мақсатында аудан басшысы облыс әкіміне бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Мәселен,  аудандағы демалыс орындарының қауіпсіздік мәселесі көңіл көншіптейді екен. Айталық бассейндерде құтқарушылар жоқ. Бұл, әсіресе, балалардың қауіпсіздігі үшін аса маңызды.  Сондықтан әр демалыс аймағында құтқарушылар болғаны дұрыс. Сондай-ақ  демалушыларға оқыс жағдай орын алғанда, денсаулығы сыр бергенде медициналық алғашқы көмек көрсету үшін  барлық жағдайлар жасалуы тиіс. Осы секілді ұсыныстар ескеріліп, жүзеге асырылса демалыс аймақтары қонақтар үшін жайлы ғана емес қауіпсіз болары анық. Осы орайда аудан басшысы туристік нысандарда сервистік қызмет көрсету сапасын арттыру керектігін баса айтты. Себебі   қонақтарға  қызмет көрсету сапасы артса, бұл өз кезегінде жалпы туризмнің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз.  

Туризм саласындағы көрсеткіштер 3,7 есеге артпақ
Экологиялық талаптар қатаң бақылауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу