«Ата-анаға шүкірлік ету» деген не?

Oinet.kz 22-11-2022 1167

Screenshot_2.jpg

Алла Тағала Құранда:

 «Адамдарға ата-анасына қайырласуды бұйырдық. Анасы жүкті болып, оны әлсіздік үстіне әлсіздікпен көтереді. Әрі сәбиді омыраудан екі жылда ажыратады. Маған және ата-анаңа шүкір ет…» - дейді. («Лұқман» сүресі, 14-аят)

Аяттағы «Ата-анаңа шүкір ет» деген сөз туралы  тәпсір  ғалымдары: «Ата-анаға шүкірлік ету» дегеніміз – олардың алдын кеспеу, сөйлегенде даусыңды олардың даусынан бәсең ұстау әрі сөзін бөлмеу. Олардың алдында жүрмеу және дастарханда олардан жоғары отырмау. Тамақтың ең дәмдісін алдымен ата-анаға ұсыну әрі кішкентай болса да олардың көңіліне келетін нәрседен сақ болу», - деп түсіндіреді.

Сіңірі шыққан кедейге баюға мүмкіндік берген Құдай
Бір ақын жігітке бұрынғы жүрген қызының жазған хаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу