Сұлтанханов сынға ілікті
03-05-2023
«Біріншіден, қаншама жыл қолымда билік болса да біреуден бір тиын пара алмадым-Қолым таза.
Екіншіден, үштіктің бірі болып, біреудің сыртынан қол қойған емеспін, яғни, ешкімнің қаны мойнымда жоқ-Арым таза.
Үшіншіден, адамдарды атаға, руға, жүзге бөлген де, тіптен ешкімнің ешқашан жүзін сұраған да емеспін-Жүзім таза».
Қайбір жолы белгілі қоғам қайраткері, мықты идеологтардың тізімінде алғашқылардың бірі болып аталатын, Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай әкімдерге қатысты жазған мақаласында халқымыздың біртуар ұлдарының бірі, ұзақ жылдары және қилы кезеңдерде Қазақстан үкіметін басқарған Нұртас Оңдасыновтың осы сөздерін келтірген еді.
Жақында Түркістан төрінде Дархан Қамзабекұлы зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуде «Қазақстандағы барлық әкімдер Түркістандағы Нұртас Оңдасынов мұражайына кіріп шығуы қажет» деген пікір білдірді.
- Себебі бұл мұражай тәрбиенің көзі, - деді депутат.
Күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сұхбатында идеология саласындағы біраз қателіктерді атады емес пе? Біздегі бір қателік-мемлекеттік қызметте жүріп қолын, арын, жүзін таза ұстаған осындай алып тұлғаларды лайықты деңгейде насихаттамағанымыз, оны тәлім-тәрбиесін кейінгі буынға сіңірмегеніміз. Қазақтың осындай арда ұлдарының қадірін түсінбегеніміз, жетілікті деңгейде ұлықтамағанымыз шығар, сірә. Депутатпен өткен кездесуден өз басым осындай ой түйдім.
Қызу пікірталас, әр қатысушыға үлкен ой салған кездесуде депутатқа зиялы қауым өкілдері біраз ұсыныс айтты, аманат жүктеді.
Абылай Есімбай