2022 жылы кім табысты болады?

Oinet.kz 29-12-2021 1498

2022 көптеген жұлдыз белгілері үшін оңды өзгерістер мен сәттілік алып келетін жыл болмақ. Әсіресе, қызмет пен жеке өмірде жақсы жаңалықтар күтуде. Әр жұлдыз белгісінің өз мерзімі келеді. Алайда тек сәттілікке сеніп, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Әрекеттенбеген адам ешқандай нәтиже көрмейді. Кей жұлдыз белгілері үшін тағдыршешті жыл болуы мүмкін.

image.png

Тоқты (21.03 - 19.04)

 2022 жылы тоқтылар өмірдің барлық саласынан үйлесімділік табады. Қауіп төндіретін, көңіл түсіретін болжам жоқ. Өте сәтті жыл болмақ. Жылдың екінші жартысы, яғни көктемнің аяғынан қарашаға дейін ең сәтті кезең. Осы уақытта қызметте өсу байқалып, қаржылық жағдай жақсарып, жеке өмір реттеледі. Сондай-ақ, батыл мақсаттарды жүзеге асыруға ең оңтайлы кезең. Жазда қарым-қатынас құруға немесе нығайтуға мүмкіндік ашылады.

Торпақ (20.04 - 20.05)

Келер жылы тыныш және қарқынды оқиғалар алмасып келеді. Қыстың алғашқы екі айы өмірдің көптеген салалары үшін ауыр өтуі мүмкін. Есесіне көктем - үйлесімділік табатын мезгіл. Бұл кезеңде торпақтар қызметте жоғарылап, ақшалай табысқа кенелуі мүмкін.  Жазда жаңа адамдармен танысуға немесе ескі таныстармен қарым-қатынасты жандандыруға кеңес беріледі.  Қыркүйек пен қараша өмірлік қиындықтарға кезіктіруі мүмкін. Күздің соңғы айы жеке өмір үшін сәтсіз болғанмен, қаржылай жағынан қуанышты хабарлар күтіп тұр.

Егіздер (21.05 - 20.06)

Қаңтардан мамырға дейін жұмысқа ден қою маңызды. Осы аралықта егіздер алға қойған мақсаттарына жетуге тырысады. Жұмыста қиыншылықтар болғанымен, махаббатта жолы болады. Мамырдан қарашаға дейін егіздердің бастамалары сәтті болады. Жыл бойы қиялға ерік бермей, проблемаларды саналы және рационалды түрде шешкен дұрыс. Жұмыста серіктестер мен әріптестер алдауы мүмкін. Айналадағы адамдарды сүзгіден өткізуге кеңес беріледі. Олардың арасынан тек сенуге болатын жандарды қалдырған дұрыс.

Шаян (21.06 - 22.07)

Шаяндар үшін өзгерістерге, қоныс ауыстыруға, жаңа жерлерді көруге оңтайлы жыл. Қиыншылықтар болмайды. Қаңтар мен мамыр аралығы және қараша мен желтоқсан айлары өмірдің барлық салалары үшін сәтті болмақ. Осы мерзімде сыйлықтар мен қосымша бонустарға кенеліп, қызметте шарықтауыңыз мүмкін. Көктемнің аяғы мен жаздың басында шаяндар жеке өмірге көбірек көңіл бөліп, жарқын эмоцияларға бөленеді.

Арыстан (23.07 - 22.08)

Арыстандар үшін көптеген өзгерістер алып келетін шешуші жыл болмақ. Көп еңбектенуге тура келеді. Бірдеңені құрбан етуге мәжбүр болуы мүмкін. Есесіне мамыр мен қараша айының арасында еңбегінің жемісін көреді. Өмір тек кәсіби салаға емес, қарым-қатынасқа өзгеріс әкеледі. Наурыз бен сәуірде жеке өмірде түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Көп ұзамай, анығында мамыр-маусымда барлығы реттеледі. Тамыз айынан жыл соңына дейін қарым-қатынаста үйлесімділік орнайды.

Бикеш (23.08 - 22.09)

Бикештерге бұл жылы өз өмірін қайта қарауға кеңес беріледі.Себебі биыл кез-келген өзгерістер оңай іске асады. Қаңтардан мамырға дейін, қарашадан желтоқсанға дейін шиеленістер болуы мүмкін. Бұл кезеңде амбицияларды жүзеге асыру қиындау болады. Күшіңізді жеке өмірге бағыттап, әлеуметтік жетістерді құрбан етуге тура келуі мүмкін. Ал сәуір қарым-қатынас үшін сәтсіз ай, айырылысу қаупі бар. Есесіне жазда басы бос бикештер теңін табуы мүмкін. Қарым-қатынасты жақсартуға шілде мен тамыз ыңғайлы кезең болмақ.

Таразы (23.09 - 22.10)

2022 жылы таразыларды қызметте табыскүтіп тұр. Бірақ ірі жетістікке жету үшін көп күш салу қажет. Мамырдан қарашаға дейін қиындықтар туып, сәттілік теріс айналды деген ой қалыптасуы ықтимал. Осы аралықта қарым-қатынасқа көбірек көңіл бөлсеңіз, өзге салалар махаббаттың көлеңкесінде қалады. Осы мерзім ішінде жаңа адамдармен танысуға, махаббатыңызбен қарым-қатынасты жақсартуға, некеге тұруға кеңес беріледі.

Сарышаян (23.10 - 21.11)

Келер жылы діттеген мақсатына жету үшін сарышаяндарға көп еңбектену қажет. Бұл белгі иелері үшін - қаңтардан мамырға дейін және қараша-желтоқсан айлары сәтті болмақ. Жеке өмірде қиындықтар болуы мүмкін, бірақ сәттілік те жаныңыздан табылады. Мысалы, бас бос сарышаяндар өз махаббатын табуы мүмкін. Жанды қажытып жіберген қарым-қатынастан құтылғысы келетіндердің де жолы болады. Махаббат үшін шілде мен тамыз ең ыңғайлы кезең.

Мерген (22.11 - 21.12)

Мергендер үшін жағымды жаңалықтарға толы жыл. Әсіресе, қызметке қатысты қуаныштар көп болады. Мамырдан қарашаға дейін мергендерге тағдыр өмірдің әр саласында сый жасайды. Осы аралықта жобаларды іске қосып, ірі іс-шараларға қатысуға кеңес беріледі. Жеке өмір үшін көктем, жаздың соңы мен күздің соңғы айлары сәтті болмақ. Осы уақытта жеке өмірді реттеп, неке қиюға мүмкіндік ашылады.

Тауешкі (22.12 - 19.01)

2022 жылы тауешкілерді ірі өзгерістер күтуде. Консервативті көзқарастан жаңаға ауысып, бағытты өзгертуге ыңғайлы уақыт. Қаңтардан мамырға дейін және қараша-желтоқсан айларында сәттілік серігіңіз болады. Осы уақытта өмірге айтулы өзгерістер енгізуге кеңес беріледі. Жеке өмірдегі жағымды жаңалықтар қыста, сәуір, қыркүйек, қараша айларында келуі мүмкін. Басы бос тауешкілер өз теңін табуы ықтимал.

Суқұйғыш (20.01 - 18.02)

Суқұйғыштар үшін қарқынды жұмыс істейтін жыл. Қызметті ауыстыруға қажеттілік тууы мүмкін. Бірақ ол қиынға соғады. Сыртқы факторлардың кері әсер етіп тұрғаны сезіледі. Бірақ салыңыз суға кетпесін, мамыр мен қараша аралығында барлық істе сәттілік жаныңызда болады. Жұмысбастылықтың салдарынан көктемде жңілдікті, махаббатта жаңашылдықты қалауыңыз мүмкін. Жеке өмірді реттеуге мамыр, шілде және күзден Жаңа жылға дейін оңтайлы уақыт.

Балықтар (19.02 - 20.03)

2022 жылы сәттілік балықтардың ажырамас серігі болмақ. Дамуға, жаңа жобаларды іске қосып, өмірді жаңалауға сәтті уақыт. Әсіресе, алғашқы төрт ай және қараша мен желтоқсан сәтті болады. Балықтар үшін жыл тыныш өтеді, сондықтан сынақтардан қорқудың қажеті жоқ. Жеке өмірді реттеуге де оңтайлы жыл.

Маман пікірі

Гольд Полина — халықаралық деңгейдегі кәсіби астролог:

2022 жыл - адамзатқа ірі өзгерістер алып келеді. Суқұйғыш дәуірі келді, сондықтан қатып қалған қағидалар мен үйреншікті схемалар өзектілігін жоғалтады. Жаңа шешім іздеп, стратегия құруды үйрену қажет. Әлемнің жаңа тенденцияларына бейімделу оңай болмайтынын түсіну маңызды.

Наурыздан маусым айының ортасына дейін әлемдегі оқиғаларға: Марс, Меркурий, Шолпан, Юпитер мен Сатурн планеталары әсер етеді. Бұл уақытта қауіпті іс-шаралардан алшақ жүруге, таулы аймақта, пойызда абай болуға кеңес беріледі. Осы мерзім ішінде су тасқыны мен дауыл болу қаупі бар.

Жаман түс көргенде қандай амалдар жасау керек?
Кино: қалыс пен табыс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу