Өлмейтін Кощей

Oinet.kz 22-09-2020 954

Өлмейтін Кощей.jpg

Қасыма, телефонмен ұйқтап, телефонмен оянатын ұлымды алып,үйдің қасындағы жеміс ағаштарын көшіріп жатыр едім.

90 жылдарда тойып ішкен " ақаңның" әсерінен арыла алмай жүрген танысым келе қалды.Белгілі ғой не үшін келетіні, қалған құтқан"бас жазар" бірдеңе сұрайды, немесе

"мәшінге темір алам деп жүрген " тықпа тиынның шетінен 500 теңге бөліссейші" деуге келді де.

Менің сол " таныспен" сөйлесіп тұрып қалғанымды көрген ұлым" Бапа тағы қай жерді қазайын,онлайын сабаққа жауап беруім керек еді, тезірек болып тастайық" деп дігірледі, әрине " аттың сыры иесіне мәлім, телефондағы көп уақыты " онлайн сабақ" десекте, кейде 

құлағым шалып қалады " Әй атсайшы, қазір ана жерден шыға келеді, менде оқ таусылды, қару өзгертейін" деп біреулермен даурығып жатқаны." Free Fair"деген сабақ екенін сезсемде, жақсылыққа жоримын.ішімнен

" тарихтан, сталинград шайқасына келіп, Паулюсьті қоршауға алып, шмидтің шекесінен шертіп жатқан болды ғой" деп.тарихты оқыса қор болмас.Кім білсін болашақта қолбасшы болама,үндемеймін,КСРО әскерінде старшина болып, кейін Қазақстан әскерінде де " старшина контрактник" болған, менің қолбасшыға айтар ақылым барма.

Сонымен жаңағы танысым, " Әй бала, өскенде кім боласың, әкең неге дайындап жатыр, жазғыш бәле ғой бұл,

бір столда отырып жатсаң,мені ұмытып кетпе, көріп қалып жатсаң, " бас жазар" беріп тұрарсың" деді.Ондайды түсінбейтін " қазіргінің баласы" иығын қиқаң еткізді де, таза топырақ әкелуге, қол арбаны сүйреп жөніне кетті.

" Сенде қызықсың",дедім танысыма

" Қазіргінің баласы біз құсап,летчик, косманавт болам демейді, қазіргі балдар бәрін бірден иеленгісі келеді, 

сөздерінің ірілігі сондай, ұшқыштар қолына су құйып, косманавттар сүлгісін ұстап тұрады" дедім.

Үндемей отырған одан  сұрадым" Осы сен кім болам" деп армандадың а? сенің " Кім болам?" деген тақырыпқа жазған шығармаңның бірде біреуі есімде жоқ,мектепте жүрген кезде, біраз баланың арманын білетін ем, бірақ сенің арманың есімде жоқ" деп қасына жүремнен отырдым.

Түстен кейінгі мезгіл, күн үйдің оң жағынан түсіп, әліде болса қыздырып тұрғасын,  нағыз жұмыс істейтін шақ болып тұр.

Ол сол қолын тіземе қойды да" Ой Мұрат, оның бәрі естен шықты ғой, бала кезде не болмады, сол кезде бірге өскен таныстар, амандасайын десең  арақ сұрайды деп теріс айналып қашады, бәрінде машина бар, бірақ тоқтамайды, сұрайтыным 200 теңге, 500 теңге ғой, берсе несі кетеді, сол теңгеге машинасына газ де құяды ғой. Тек тоқтап әуре болғысы келмейді де" деп басқа арнаға  ауып бастады.

" Әй тоқта, сен бала кезде не армандап

едің, кім болам деп ең?соны айтшы "деп қоймадым менде.

Бетіме жалт қарап, "4 классқа дейінгі арманым, Ертегідегі" Өлмейтін кощейді" ешкім өлтірмесе екен, мен әскерден автомат әкеліп өлтірсем, бүкіл ауыл қуанса деп армандаушы едім, 5-6 класста насыбай аттық, темекі тарттық,есейіп кеттік.арман болама, ұмыттық қой бәрін" деді.

Мен не дерімді білмей ойланып отырдымда, түрімді маңыздылап

" Сенің арманыңның жартысы орындалып тұр екен,солтүстікте бір  өлмейтін кощей бар дейді.

Енді қалғаны саған тіреліп тұр.

Арақты қоясың, арманыңды орындауға аттанасың" деп ем, бақырайып бір қарады да" Сенен бірдеңе сұрап отқан мен ақымақ, Ол жаққа кім жібереді мені, жарты жолдан ақ, басымды қағып тастайды ғой" деді де кетуге асықты.

Кім? нені? армандайтынын кім білсін.

Тек арманға абай болайықша ағайын.

Жартылай орындалған арман, жолда қалдырар..

М.Кенжебаев,

Бейнеу

Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
Қазақтың тыйым сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу