Әлемдегі Ең ұзын орындық

Oinet.kz 06-09-2020 1211

Орындық.jpg

Болгарияның Пазарджик қаласында жиһаз жасайтын бір кәсіпкер жарнамалық мақсатта өз қаласына сыйлық жасапты. Сыйлық болғанда, 80 мың $ қаржы бөліп "Азаттық" паркіне ағаштан орындық жасап беріпті. Ұзындығы 1111 метр көрінеді. Әзірше әлемдегі ең ұзын орындық ретінде Гиннес рекордтар кітабы тізіміне кіріпті. Ұзын орындыққа бір мезгілде 3000 адам отыра алады екен. Сонша адам бақшиып текке отырмауы үшін паркке wi-fi байланысын да жеткізген. Айтпақшы, қала әкімшілігі "Біз де қолдан келген көмекті аяған жоқпыз" депті. Яғни, паркке орындық қоюға рұхсат берген. Болды.

Музыка туралы даналық сөздер
Көшедегі ашық кітапхана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу