Балалық шақ туралы өлең. Біз едік қой
Біз едік қой,
Компьютерді, телефонды білмейтін,
Шыбықтардан қамшы жасап, талға мініп "чу!" - дейтін.
Асық ойнап, ляңгы теуіп үйге мүлдем кірмейтін,
Біз едік қой!
Жарты сағат дала кезіп, кірлейтін..
Жинап өткен, кең бөлмені жақсылап бір шашатын,
Көк жәшікте - сүйіскенде,
Көзді жұмып қашатын.
Алысатын, шалысатын, жүгіртіп те жарысатын,
Біз едік қой!
Кәмпит берсе, ыстық құшақ а-ша-тын.
Жүретінбіз көмектесіп,
Ойынға да үлгеріп,
Айфонды да, айпатты да, самсунгты да білмедік.
Ол кездері шынайы дос, шын көңілмен сөйлесер,
Әлеуметтік желілерді көрмедік те, кірмедік.
Әй, өмір-ай..
Ешкім жетпес, сол шақтағы достарға,
(Қайтып мені, қайтып мені балалыққа тастар ма?)
.. Аңыз қылып айтамыз біз, анда-санда кішіге,
Сен, зомбиым,
Не айтасың??????
Келетұғын жастарға.
(с) Бек ЖЫЛҚЫБАЕВ