Аң-құстар туралы эссе. Аққуды ұнатамын
Аң-құстардан, əр адамның табиғатына сай келетін, жанына жақын, өзіне ғана ұнайтын бір тіршілік иесі болады екен. Көп адам "Аққуды ұнатамын" дейді де, оның сұлулығынан басқа қасиеттерін жете біле бермейді. Аққу қанша сұлу болса да құрбақа жейді, қиналса шалшық суға қонады. Ал, қыран бүркіт қанаттыдан мен ұнататын жалғыз құс. Аппақ қарда қызыл қанын ағызып жемтігіне тояттағанын көргенім бар. Өзгенің қалдығын жемейді. Қия шыңға ұя салып, балапандары қаңтардың қақаған суығында тұқым жарып шығатыны тағы бар. Қартайғанда тышқан аулауды ар санап, өзін-өзі тасқа соғып өлтіретін қыранның қасиеттері көп ақ. Маған қатты ұнайтын бір қасиеті, "Бүркіт күн көзіне тура қарай алатын жалғыз тіршілік иесі"!
Иə, алдына жан салмай, шашасына шаң жұқтырмай жүрген кейбір жігіттердің, күн нұрындай өткір шындыққа бетпе-бет келген де, бүркіт құрлы тіке қарай алмай, тайсақтап қалатынын көргенде, бүркіттің осы қасиеті ойыма орала кетеді!
(с) Айдар Темірбекұлы