Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
Біздің адамдарда бір түсінік бар… Мәдениет саласының қызметкерлері тек келген қонақты күтіп алу, мереке-мейрамдарда концерт ұйымдастыру немесе бір кісінің мерейтойын өткізу секілді іс-шаралармен ғана айналысатын сияқты. Яғни, біздің адамдардың түсінігінде мәдениет саласының аясы тым тар. Әйтпесе, мәдениет саласының кеңдігі мидай жазық даламен тең емес пе?! Негізі әр саланың алға қойған жоспары, бекіткен бағдарламалары болады. Бірде-бір сала бағдарламасыз бір қадам алға баса алмайды. Мәдениет саласындағы бағдарламалардың ең ұстыны, ең негізгісі – осы «Мәдени мұра» болса керек. «Мәдени мұра» дегенде көз алдыңызға ескі кесене, көне қаланың орны, балбал ескерткіш тастар елестейді. Яғни, бұл бағдарлама тек қу даланы кезіп, өліп-өшіп құм-тас, жауын-шашында жүруі керек сияқты көрінетіні бар. Жоқ. “Мәдени мұра” бағдарламасының басты мақсаты – халқымыздың бірегей ұлттық мәдениетін күллі әлемге паш ету, ол арқылы кейінгі ұрпақты отаншылдық сезімге тәрбиелеу.
Бір қарағанда кешегі Кеңес Одағы кезінде де мәдениетімізге, көне жәдігерлерімізге үлкен қамқорлық жасалған сияқты. Арыстан бап, Қожа Ахмет Иассауи секілді бабаларымыздың кесенелері сол Кеңес Одағы кезінде үлкен реставрациядан өткізілді. Бірақ мұның бәрі тек көз алдамшы ғана екен. Коммунистер кесенелерді жөндеу арқылы жымысқы саясатын жүргізе біліпті. Біз өз тарихымыздан, өз өткеніміздан алыстап, құнды жәдігерлерімізден көз жазып, бірте-бірте мәңгүрттене бастаппыз. Міне, «Мәдени мұра» бағдарламасы осы олқылықтың орнын толтыруда үлкен тірліктер атқаруда.
Жалпы ел, ауыл-аймақ «Мәдени мұраға» қатты алаңдап отырады екен. Күні күні кеше президентпен өткен тікелей жүздесуде Мәдениет және ақпарат министрлігіне қатысты екі мыңға жуық сұрақ түссе, соның дені мәдени мұра төңірегінде өрбіпті. Ұлттық мәдениетті дамытуға тікелей қатысы бар “Мәдени мұра” бағдарламасын негізге ала отырып Қазақстан өзінің тари¬хын¬да алғаш рет еліміздегі ескерткіштермен қатар шетелдердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстарына кіріскен болатын. Соның ішінде Дамаск қаласында /Сирия/ Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта жаңғырту жә¬не Әл-Фараби кесенесі мен тарихи-мә¬дени орталығын салу, Каир қаласында /Еги¬пет/ Сұлтан Бейбарыстың мешітін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Министр-ліктің стратегиялық жоспары бойынша осы жылдың аяғына дейін 8 тарихи-мәдени ескерткішті қайта қалпына келтіру жұмыс¬тары толық аяқталады деп күтілуде, сондай-ақ “Есік” мемлекеттік тарихи-мәде¬ни қорық-музейінің құрылысы аяқталуға тиіс. Жібек жолы бойына орналасқан қорық-музейлерді қайта қалпына келтіру жоспар¬лануда. “Қазақфильм” киностудиясы “Мәдени мұра” деректі фильмдер сериясын түсіруде, “Қорқыт. Күй тарихы” мен “Көш¬пен¬ділердің музыкалық мұрасы” атты екі лента өндірісте жатыр.
Тарих, археология, этнография, энци¬клпе¬дия¬лық сөздіктер, әлем классиктері мен Қазақстан қаламгерлерінің шығарма¬лары бойынша таңдамалы сериялар басып шығару ісі де жалғасуда. Осы орайда жыл аяғына дейін түрлі тақырыптағы 56 кітап 168 мың данамен жарық көрмек. Ұлттық жоба бойынша қолға алынатын шаралар мұнан кейін де қарқынды жалғаса беретін болады.
Ел-жұртты бей-жай қалдырмайтын тағы бір мәселе, отандық фильмдердің қазіргі хал-жайы қалай деген сұрақ. Осыдан екі-үш жыл бұрын еліміз кинотеатрларынан қазақтың төл фильмдерін көруге зәру болып келсек, қазір прокатта отандық он үш фильм бар. 2008-2009 жылдары “Махамбет”, “Келін”, “Біржан сал”, “Теріс беткей”, “Афବлинаның секірісі”, “Секер”, “Бәй¬те¬рек” сынды бас-аяғы он шақты көркем фильм мен бес анимациялық фильм түсі¬рілс¬е, жыл соңына дейін бұл санатқа үш көркем, тоғыз деректі фильм қосылады деген үміт бар. Мұнан басқа тағы да еліміздің белгілі режиссерлері мен шетелдік танымал мамандар тартылған “Алтын жауын¬¬гер”, “Қара майор”, “Махаббат тәл¬кегі” сияқты бірталай жобалар көрер¬менмен көп ұзамай көзайым болады деп күтілуде.
Театр өнері саласында да айтарлықтай жетістіктерді мысалға келтіруге болады. Ел театрлары сахналарында өткен тоғыз айда мың спектакль көрерменге ұсынылса, солардың ішіндегі 22-сі жаңадан сахна¬ланған қойылымдар. Екі опера, екі балет, 17 спектакль мен бір қайта қойылған спектакль репертуарды жаңғыртып, әсіресе, Вердидің “Аида” операсы мен Аданның “Корсар” балеті өнерсүйер жұртшылықтың ризашы¬лығына кенелді.
Мемлекеттік телеарналар хабарларында қазақ тілінің алатын үлес салмағы бір кездері қатты алаңдаушылық туғызғаны рас. Бүгінде көп көңіліндегі бұл түйткіл әжептәуір оң шешімін тауып, мемлекеттік тілдегі хабарлардың үлесі 70 пайызға жеткен.
“Мәдени мұра” ұлттық стратегиялық жобасының іске асырылуы барысында тарихи-мәдени ес¬керткіштерді жаңғырту жұмыстары аяқтал¬ды, Қазақстан аумағындағы көптеген қала¬шық пен қорғанда археологиялық зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені сияқты екі теңдессіз ескерткіштің ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілгені министрліктің қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі болды. Қазіргі кезде аталған тізімге ежелгі Отырар қаласын енгізу үшін қажетті рәсімдер жүзеге асырылуда.
Айта берсеңіз, мәдениеттің жақсылығы таусылмайды. Еліміздің мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед басқаратын бұл саланың тірлігі осылайша күн санап өркендеп келе жатқаны анық. Ендеше Құл-Мұхаммед «жамағатының» «мәдениеті» жақсы, ал, «тұрмысы» қалай екен? Жақында ғана Мәдениет және ақпарат министрлігінде өткен үлкен алқалы жиында мына бір жақсы жаңалықты естіп, тіптен қуанып қалдық. Мәдениет саласы кешегіге дейін не көрмеді?! Жаппай қысқарту, мәдени ошақтардың талқан болуы, мардымсыз жалақы, тіпті сол жалақының жылдап берілмеуі… бәрі-бәрінің азабын ең алдымен осы мәдениет саласының қызметкерлері тартты емес пе?! Енді міне, мәдениет қызметкерлеріне де май бітіпті. Осы уақытқа дейін еліміздегі кітапхана қаржы¬сына не штатына бірде-бір қысқарту болма¬ған. 2009 жылдың қаңтар айынан бастап кітапханашылардың негізгі жалақысына 25 пайыз үстеме ақы қосылып, еңбекақы деңгейі бойынша кітапхана ТМД елдерінің ұлттық кітапханаларының ішінде алдың¬ғылар қатарына қосылыпты. Арнайы 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінуі министрліктің кітапханаға деген үлкен қолдауы болып табылады. Үстіміздегі жылдың 9 айында оқырман¬дарға қызмет көрсету көрсеткіштеріне келсек, оқырмандар саны, 26717-ге жеткен. Әсіресе, атап айтарлығы – қазақша кітаптар алатын оқырмандар саны 2,5-3 есе өскен. Бірақ кітапхананың 6 миллиондық кітап қорының тек жарты миллионға жетер-жетпесі ғана қазақ тіліндегі кітаптар көрінеді. Бұл – ойланарлық жәйт.
Елбасының тікелей тапсырмасы бойын¬ша барлық мәдениет және ақпарат саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл басынан бері 25 пайызға өскен. Келесі жылдың 1 шілдесінен бастап сала қызметкерлерінің жалақысын тағы да 25 пайызға, ал 2011 жылы 30 пайызға өсіру жоспарланып отыр. Бәрі дұрыс, бәрі жақсы. Лайым Мәдениеттің мерейі өсе берсін! Бірақ «айтпаса сөздің атасы» өледі деген, әлі күнге дейін мәдениет қызметкерлерінің төл мерекесі болмауы ойланарлық мәселе емес пе?!