Медакадемияның болашағы бұлыңғыр

Oinet.kz 23-01-2009 945

Screenshot_1.jpg

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында білім алып жатқан 3 мыңға жуық болашақ дәрігер шала сауатты күйі қалып кетуі мүмкін.  Өткен жылы Оңтүстікке жасаған сапары кезінде оқу орнындағы білім сапасын қатты сынға алған Елбасының тапсырмасынан кейін қазір академияны қайта жасақтау ісі жүріп жатыр. 

Елбасының сынан кейін Медицина академиясының ректоры ауысты. Бірақ 700 тарта мұғалімнің  болашағы әлі бұлыңғыр. Өйткені оқу орнын фармацивтикалық институт етіп қайта жасақтау ұзақ мерзімге созылайын деп тұр. Бұл шара бірнеше кезеңде жүзеге асырылмақ. Денсаулық сақтау министрлігінің ғылым және адам ресурстары жөніндегі департаменті директорының орынбасары Айгүл Қатпағаева «біз алдымен медициналық академияның материалдық-техникалық базасын, өңірдің мамандарға деген сұранысын  саралап көреміз. Студенттердің жағдайы да ескерілетін болады. 

Содан  кейін ғана оны қайта жасақтау жолдарын ұсынатын боламыз»,-дейді. Әзірге белгілісі жаңа оқу жылынан бастап емдеу ісі факультетіне студенттер қабылданбайды. Ал жоғары курс студенттері ендігі тағдырларын өздері шешуі тиіс. Қазір олардың арасында сауалнама жүріп жатыр. Егер басым көпшілігі мұнда қалуды мақұлдамаса  медициналық білім беретін өзге оқу орнына ауыстырылады. Алайда Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры Бақытжан Сексенбаевтың айтуынша, жоғары курс студенттеріне оқуын осында тәмәмдауына мүмкіндік беру керек. Өйткені 3 мыңға тарта студентті бірден қабылдап алатындай өзге оқу орындарының жағдай жоқ. Қалай болғанда да,  министрліктен келген комиссия  медициналық оқу ордасын қайта жасақтау туралы жоспарды сәуірдің бірінен қалдырмай мемлекет басшысының қарауына  ұсынуы қажет.  

Лотореяның қызығымен қызметінен айрылды
Шымкентте I сортты ұнның қабы 2700 теңгеден сатылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу