«Премьер бізді 19.00-ден кейін жинады» Қасымбек отставка туралы айтып берді
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек үкіметтің отставкаға кетуі туралы айтып берді деп хабарлайды Tenginews.kz.
"Президент шешім қабылдап, кеше 19.00-ден кейін бізді премьер-министр жинап алды. Елбасы дәлелдер келтірді. Біз толықтай келісеміз", - деді Қасымбек.
Оның айтуынша, министрлер жаңа үкімет мүшелері тағайындалғанша, өз қызметтерін атқара береді.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің отставкаға кету керектігін айтқан болатын.
Президент жарлығы бойынша, Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.