Мақсат Айтжанов: «Вечеріміздің» шырқын бұзылды...»

Oinet.kz 13-07-2019 1341

Screenshot_12.jpg

Мақсат Айтжанов, Әзіл сықақ және сатира театрының көркемдік жетекшісі

       Адамға бір-ақ рет берілетін қайран балалық шақтың естеліктері санамда сайрап тұр. Мен Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданына қарасты (бұрынғы Бөген ауданы) Дермене ауылының тумасымын. Сол ауылдағы кемпірдің қолында өскен жалғыз ұлмын. Аға, іні не қарындасым болмаған. Балалықпен зиянсыз өтірікті де айттық, ауыл балаларына тән түрлі ойындарды ойнадық. Бұзықтықты анда-санда жасайтын, білімі ортадан сәл жоғары, бірақ қоғамдық жұмыстарға келгенде белсенді оқушылардың бірі болғаным рас. Неге екенін білмеймін тарих пәнінен дәріс беретін Кенжегүл апайдан ғана көп ұрыс еститінмін, ал басқа мұғалімдер мені жақсы көретін. Мектеп қабырғасында қызықты, естен кетпес оқиғалар көп болды ғой. Соның бірі бала махаббат оқиғасы. Мектепте оқып жүргенде махаббат сезімі мені де шаршып өткен. Бірге оқитын сыныптасыма ғашық болғанмын, бірақ оны ұнататындар көп еді. Ең қызығы ол - солардың ешқайсысына да бұйырған жоқ.

    Тағы бір есімде қалғаны тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін «вечер» жасадық. Сол заманның қатал тәртібі болар, әйтеуір «вечер» десе мұғалімдердің қырсықтығы ұстап қалатын. Өзімізше ержетіп қалған кезіміз ғой. Сыныптастармен ақылдаса келе көрші ауылды қамтып кеш ұйымдастыратын болдық. Ұстаздар рұқсат етпегесін жасырын түрде жасауға тура келді.  Көптен бері айтып жүрген кешімізге жәйлап жиналып жатқанбыз. Біріміз дастарханға жайғасып,  біріміз қыздарға қырындап, енді біріміз сыртта әңіме дүкен құрып тұрдық. Сөйтіп «вечеріміз» басталып кетті. «А» сыныбының да, «Б» сыныбының да класс жетекшілері ер адам болатын. Қызық енді басталғанда қабақтарынан қар жауып Мұқан ағай мен Болат ағай кіріп келмесі бар ма? Мұндайды күтпеген біздер апыр-топыр бола қалдық. Сол жерде тығылғанымыз тығылып үлгердік, тығыла алмағанымыз далаға қарай тым-тырақай қаша жөнелдік. Ал ағайлар соңымыздан тырқыратып қусын-ай кеп... Көрші ауылдан ақ көйлек киіп келген екі қыз  қараңғыда біздің ауылдың жолын қайдан тапсын, сасқандарынан ауыл сыртындағы молаға қарай безектесін, жартысы көшенің арғы бетіндегі тоғайға қарай құстай ұшты. Екі ағай екі жаққа қарай соларды қуып кетті. Шәкірттерін қуып кеткен сынып жетекшілерді көргесін әр бұрышқа тығылып қалған біздер басымызды қылтитып шыға жөнелдік. «Е, қайтпаңдар, ағайлар кеткесін көпір жақта жолығамыз»- деп басымызды құрап жүрдік. Бір вечер ұйымдастырамыз деп осындай қызыққа батқанбыз. Сол түнгі оқиға есіме түссе болды жаным жадырап сала береді.  

     Бала күнімде менде бір-ақ арман болды. Ол - өнер адамы болу. Ол арманымды жүзеге асырдым деп ойламын. Себебі өткенге көз жүгіртсем, мен балабақшадағы кезімнен бастап сахнада екенмін. Ал, соның 13 жылы кәсіби сахнада. Бақытсыздау балалығымдағы жанға жалғыз медет болатыны осы өнердегі жетістіктерім ғана. Бала күнде әркімнің өзіне жақын, қастерлеп ұстайтын заты болады емес пе?! Мен өз болмысымды романтикаға жақын, лирикалық болмыс деп түсінемін, сондықтан мен кез-келген затқа қимастықпен қараймын. Әлі де солай.

Алмас Ақшалов: «Ертең» деген тажал сөз ажал құштырып жатады»
Сапарбек Сахов: «Білім саласында еңбек көп те, өнбек аз болып тұр»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу