Тәулігіне 1200 жиһаз әзірлейді
Түркістан облысының орталығында тәулігіне 1200-ге жуық ірілі-ұсақты жиһаз жасайтын кәсіпорын бар. Олар мектеп, балабақша, жалпы түрлі кеңселер мен мекемелерге таралады. Мұндағы жұмыстың дені соңғы технологиямен жүреді. Мысалы зауыттағы дәнекерлеуші робот екі минут ішінде бір орындықтың аяқтарын жабыстырып шығады. Ал егер бұл қызметті адам атқарса жұмыс он минутқа дейін созылуы мүмкін. Зауытта бұдан бөлек тағы осындай 5 ақылды робот бар. Оларға Азамат Тельманов секілді мамандар басқарады. Операторлар осылайша бір күнде жиһазға қажетті мыңға жуық темір бөлшектерді дәнекерлейді.
«Жақында ғана колледжді бітіріп осы жұмысқа тұрдым. Дәнекерлеуші болып жұмыс істеймін. Бізде негізінен дәнекерлеу жұмыстарын робот жасайды. Бір дәнекерді екі минутта бітіреді. Менің жұмысым темірлерді өлшеп қою. Жұмысым қиын емес. Жалақымда жақсы», - дейді жас маман Азамат Тельманов.
Цех өз жұмысын 2013 жылы бастаған. Бүгінде айына 140 тонна пластик бөтелке мен оның қақпағын жинап, сұрыптайды. Қалдықтарды арнайы ұнтақпен жуып, аппарат арқылы майда қалыпқа келтіреді екен. Ал, дайын болған өнім Ресейге жөнелтіледі.
Биылдан бастап тұрақты жұмыс режиміне көшкен кәсіпорынның жобалық құны 3 млрд 100 миллион теңге. Оның 2 млрд 500 млн теңгесі – кәсіпкердің өз қаражаты. Бүгінде мұнда 100-ге жуық адам еңбек етуде. Олар тәулігіне 3 тоннаға жуық металды кәдеге жаратады. Шикізат Қарағанды облысынан келеді. Сондай-ақ қалған бөлшектері де отандық өнімдер.
«Біз мектепке қажетті жиһаздарды яғни парта, орындықтар жасаймыз. Зауытымызда соңғы технологиялар қолданылады. Роботтардың көмегімен күнінен 100-1200-дей жиһаз жасап шығарамыз»,- дейді зауыт қызметкері.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан облысында жиһаздарға сұраныс артқан. Сарапшылар оның себебін өңірде көптеп салынып жатқан мектептермен байланыстырады. Мәселен, өткен жылы облыста 29 жайлы мектептің құрылысы басталған. Биыл тағы 34 білім ошағы бой көтермек. Солардың барлығынан жиһазға тапсырыс түседі деген сенімде.