Инвесторлар тарту мәселесі қозғалды

Oinet.kz 27-05-2024 113

image.png

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков кезекті аппараттық мәжілісте салық түсімдерінің орындалуы, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша сала жетекшілерінің баяндамасын тыңдады. Көтерілген мәселелерге қатысты бірқатар тапсырманы айқындап, жауаптыларды бекітті. 

 Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов жыл басынан бері «Кедергісіз кәсіпкерлік» жобасы аясында 225 кәсіпкерге қолдау көрсетілгенін айтып, бағыттарына тоқталды. Атап айтсақ, 134 кәсіпкерге құжаттандыру заңдылығы бойынша кеңес берілген, жұмысын жаңадан бастаған 81 кәсіпкерлік нысан сүйемелденіп, заң талаптарына сай жұмыс атқаруда. 

Сонымен қатар, қаламызға, индустриалды аймаққа және арнайы экономикалық аймаққа инвесторлар тарту мәселесіне тоқталып, ұсынылған жобалармен таныстырды.   

 Аппараттық мәжілісте тапсырмалардың орындалуы бойынша жауапты бөлім басшыларының есебі тыңдалып, нәтижесінде тапсырма-жоспар жаңартылып қайта бекітілді.  

Дональд Трамп: «Байден соғысты тоқтату үшін ештеңе істеген жоқ»
Бағаны тұрақтандыру маңызды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу