Инені қалай кәдеге жаратуға болады?

Oinet.kz 26-02-2019 1135

265-1476219780-9e3eac2f71.jpg

-Егер ине, түйреуіш, біз салған ыдысқа аздап ұн салсаңыз, оларды тот баспайды. Тот басқан инені сабынға тығып қойсаңыз, тоттан тазарады.

-Лимон қабығын тастамаңыз. Ыдыс жуғанда суға салсаңыз, әсіресе, шыны ыдыстар жалтырап шыға келеді.

-Тақтайдан, пышақтан пияздың иісін кетіру үшін құрғақ тұзбен ысқылаңыз.

-Табадағы, кострюльдегі балық иісін кетіру үшін қыздырған тұзбен ысқылап, шайып жіберіңіз.

-Қазанның түбінде күйген ас қалдығы қалса, қырып әуре болмай, түбіне мұздай су құйып, тұз салсаңыз, бірнеше сағаттан соң оңай тазаланады. Ас үйдегі жағымсыз иісті қыздырылған табаға құйылған сірке қышқылы тез жояды.

-Табаны тазалау үшін сәл қыздырып, тұзбен ысқылап, қағазбен сүртіңіз.

-Ағаш ожау мен араластырғыш, ағаштан істелген қалақша көкөніс, жеміс шырынымен боялса, 15 минуттай хлорлы суда қайнатыңыз.

-Хлордың иісін кетіру үшін бірнеше сағат суық суға салып қойыңыз.

Дереккөз : anabol.kz

Шаршау мен мазасыздықты қалай жеңуге болады?
Кілемді қалай күту керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу