Пластмассаны қалай кәдеге жаратуға болады?
Тәртіп болған жерде ғана тазалық болады. Ал тазалық – әр арудың бойынан табылуы керек басты қасиеттердің бірі. Егер қиялыңызға ерік беріп, ойыңызды қанаттандыра білсеңіз, айнаңыздың алдында тәртіп пен тазалық қана емес, елде жоқ ерекше құтылар да пайда болмақ.
Ал ол құтыларды косметикаларыңызды салуға қолданыңыз. Мұндай кереметті жасау үшін бар болғаны пластмасса бөтелкелер, қайшы мен үтік керек.
Бөтелкені қажетті мөлшерде кесіп алып, кесілген жерді ыстық үтікке басыңыз. Сонда құты ауызының ернеуі қол кеспейтін болады.
Дереккөз : anabol.kz