Кәсіптің көзін тапқан
Қолдан келсе кәсіп ашып, дөңгелеткенге не жетсін. Алайда әсіресе ауыл тұрғындарына кәсіп ашу қиынға соғады. Әйтпесе ауыл тұрғындарының ішінде небір бизнес жобалары бар, алайда қолодау таппай жүргендері көп. Бизнес біріншіден қаржылық сауаттылықты талап етсе, екіншіден әрине қаражатты талап етеді. Елімізде осындай кәсіп ашуға ниеттеніп жүрген азаматтарға арналған түрлі бағдарламалар жүзеге асып келеді.
Мемлекеттің қолдауымен бүгінде бизнесмен атанып отырған жандар көп-ақ. Солардың бірі - Нұргүл Адибаева. Ол нарықта ең өтімді тауарды анықтай келе, құрылыс заттарын сатуды жөн санаған. Жыл санап, табысы артқан ол техника күші қажет екендігін түсінді. Жүк тасымалдайтын көлікті алу үшін шағын несие алған. Кредиттің пайыздық көрсеткіші төмен болғандықтан, оны қайтаруда қиындық болмайды деп сенеді. 5 жылдың ішінде кәсібімнің табысын арттырып алуға мол мүмкіндік деп сенеді. Алдағы уақытта жұмысшылар санын артыруды көздеп отыр. «Былтыр аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінен 6 миллион теңге кредит алдым. Оған автокөлікті алдық. Оның мақсаты осы дүкендегі ауыр заттарды клиенттердің машинасына салып беру. Және оған жұмысшы алдым оның айлығын жақсы көлемде төлеп жатырмын. Алдағы уақытта кәсібімді кеңейтсем деймін»,- дейді Нұргүл Адибаева.
Мамандардың дерегінше ауданның тұрғындары жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығына өз өтінімдерін берген.