Ауылымның тарихы...
Қазығұрт ауданы Қызылсеңгір ауылының ірге тасы қаланғанына 30 жыл толыпты. Мерекені ауыл тұрғындары атаусыз қалдырмай «Ауылым алтын бесігім» атты іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік жиынға Батыс Қазақстан, Астана, Алматыдан келген қонақтар да бой көрсетті. Шара барысында алдымен ата-бабалардың әруағына арналып ас беріліп, ҚМДБ-ның Түркістан облысындағы өкілі, имамы Мұсабекқажы Ақтанберді құран бағыштады. Ауыл ақсақалдары өңірдің тарихынан сыр шетріп, көзбен көрген оқиғаларымен бөлісті. Көнекөз қариялардың баяндауынша Қызылсеңгірлік қандастарымыз Тәжікстан республикасынан 1989 жылы Қорған төбе облысынан елге оралыпты. 1989 жылы кезінде Ленин ауданын басқарып тұрған Ильясов Молдабай ақсақал ұйытқа болған көрінеді. Алдымен бес шаңырақ көшіп келіп бүгінде 300 қандастарымыз түтін түтетуде дейді алғашқы елге оралған Ғайыпназар ақсақал. Бұл кеш әсіресе, ауыл жастары үшін маңыздырақ болды. Себебі олар ендігі жерде өз туған жерінің, ауылының тарихын біле жүретін болды.
Кеште түрлі сайыстар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылды.