Махаббат деген есірткі - Пауло Коэльо
Махаббат деген есірткі. Басында эйфория ұстайды, құстай ұшып, жеп-жеңіл боп жүресің, бір-біріңе сіңіп кеткендей күй кешесің. Келесі күні тағы солай болса екен дейсің. Толық тартылып үлгермедің, бірақ бұл күй тұла бойыңды баурап алды. Кез келген сәтте бас тарта алам деп ойлайсың. Тіпті соныңа сенімді боласың. Сүйгенің туралы екі минут ойлап, үш сағат ойламай жүре бересің. Алайда уақыт өте береді, сеің ынтығың күшейе түседі. Кезекті есірткісін иіскемей қалған нашақор сияқтысың. Сондай сәттерде нашақор ұрлыққа, адам өлтіруге, кез келген қорлауға көне кетеді. Сен де сол нашақордай махаббат үшін бәріне әзірсің. Сондықтан да жаныңда ұстап тұра алатын адамды ғана сүй.
Пауло Коэльо
Аударған Шынар Әбілдә